Өнеркәсіп

Өндірісі өркендеген кәсіпорын

Лариса Романюта- «Блок» ЖШС өнім сапасын қадағалаушысы:

-Анау цехта қыздар материалдарды қолмен жапсырады. Кейін ол кептіргіш құрылғыға келіп түседі. Бұдан соң одан алынған өнімді біз тексереміз. Яғни, қалың жерлерін тегістейміз, керісінше, жұқаларын тағы үстіне мынадай слюдаларды жауып кілейлейміз. Бір бет мынадай миканитті жасау үшін кемінде жарты сағатқа жуық уақыт қажет.

Мұнда күніне 150 кг миканиттер дайындалады. Кәсіпорын 25 жылдан астам уақыт оқшаулағыш материалдарды жасаумен айналысады. Серіктестік шығаратын сапалы өнімді алуға ниеттілердің қатары қалың. Тауар Қазақстан нарығында ғана емес, көршілес Ресейде де сұранысқа ие. 80-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған компания биыл мемлекет қолдауын пайдаланып «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 60 млн теңге несие алған.

Анатолий Сысоев- «Блок» ЖШС директоры:

-Елбасымыздың бизнесті қолдауға көрсетіп жатқан зор демеуінің арқасында біз бүгіндері әлемде болып жатқан қиындықтарды сезінбей, жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алдық. Оның 2 пайызын өзіміз өтесек, қалған 6 пайызын мемлекет төлеп келеді. Мұндай қолдау бірде-бір елде жоқ деп айта аламын. Біз өнімдерімізді Ресейге жөнелтеміз. Сапалы өнім бәсекеге қабілетті.

Өндірісі өркендеген кәсіпорын 8 жылдан бері «Ризолин» деп аталатын материал жасап келеді. Құрылысқа қажетті инновациялық өнім бүгіндері үлкен сұранысқа ие.

Анатолий Сысоев- «Блок» ЖШС директоры:

-Бұл материалды өзіміздің технологтарымыз ойлап шығарды. Негізгі тұтынушыларымыз ҚР қорғаныс минсистрлігі, «БиАйГрупп» компаниясы, «Қазақмыс» корпорациясы. Бұл материалдың өзгелерден артықшылығы ол ұзақ жылға шыдас береді. Егер өзгелердікі 5-6 жыл болса, ризолин 20 жыл тұрады.

Әлемде болып жатқан қаржылық қиындықтарға қарамастан аяғын нық басқан кәсіпорын жыл соңына дейін өндіріс көлемін арттыртуды көздеп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина