Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Балғындардың бойына білім нәрін сіңіруде түрлі жаңашылдықтар енгізіліп, жүйелі жұмыс жасалып жатыр. Ооблыстық мәслихат депутаты-Елена Коноплева еліміздегі жетекші партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген барлық тапсырмалар жүзеге асырылып келеді дейді. Солардың бірі – апаттық және 3 аусымдық мектептер мәселесін шешу дейді халық қалаулысы.

Елена Коноплева- «Білім және ғылым» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор:

-Бұл мәселелер жақсы қарқынмен шешіліп келеді. 3 аусымдық білім беретін өңірде екі мектеп қана қалды. Олар Тайынша мен Ғ.Мүсірепов ауданында. Қазір екі жерде де оқу орындарының құрылысы басталды. 2016 жылы мектептер қолданысқа берілуі тиіс. Апаттық білім беру ошақтарының мәселесі де біртіндеп шешімін табуда.

Кейін жиында партияның «Халық бірлігі» облыстық сарапшылық тобының жұмысы туралы ақпарат тыңдалды. Солтүстікқазақстандықтарды жұмыспен қамту мәселесі де қызу талқыланды. Теріскей тұрғындарының 316 мыңнан астамы бүгіндері екі қолға бір күрекпен қамтылған. Бос отырмаймын деген 1775 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысыпты.

Серік Ахметбеков- «Жұмыспен қамту және табыстар» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор:

-Бағдарламаға қатысушылардың 713-і әйелдер болса, қалғаны жастар. 1522 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. 21 адам қайта даярлық курстарына жөнелтілсе, кәсіби даярлық курстарын 130-ға жуық солтүстікқазақстандық оқуда.

Осы ретте «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов мемлекеттік бағдарламалар жайлы насихат жұмыстарын жандандырып, халықты ақпараттандырып отыру керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов-«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

-Насихаттау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп отыру керек деп есептеймін. Өйткені, кей елді-мекендерде олар жайлы көпшілік біле бермейді. Сондықтан көп жағдайда өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар ісін дұрыс жасай алмайды. Ал ондай жандар керісінше, өзгелерге жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасауы тиіс. Сондықтан бұл шаруаны тиісті деңгейде жүргізу керек.

Жалпы бұл бағытта бізде Ғ.Мсірепов, Тайынша және М.Жұмабаев ауданы қарқынды жұмыс жасап келеді. Ал Тимирязев, Шал ақын және Жамбыл аудандарының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға асығар емес. Сондай-ақ жиында тұрғындарды әлеуметтік қамту мәселесі де қозғалды.

 

 

Магжан Ахмадина