Қоғам

Жыл басынан СҚО-да еңбек заңнамасын бұзған 25 кәсіпорынның басшысы жауапкершілікке тартылды

Қайрат Пішенбаев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– Өзге мемлекеттер сияқты мұнай бағасына тәуелді болмай, одан арылатын сәт жетті. Қашанға дейін тәуекелге барамыз. Одан да экономиканың өзге салаларын дамытуға басымдық берген дұрыс. Әсіресе ауыл шаруашылығына көп адамдарды тартып, ол салаға жаңа технологияларды енгізу қажет.

Мұнымен қоса Қайрат Пішенбаев теңгені еркін айналымға жіберу шарасы маңызды. Ол отандық тауарлардың өтімділігін жоғарылатып, ел экономикасына жаңа серпіліс әкелуі мүмкін дейді. Айта кетейік, ұлттың валютаны еркіндікке жіберу тәжірибесін дамыған мемлекеттер де қолданған.

Қайрат Пішенбаев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– Шынымен, теңгені еркін айналымға жіберу тәжірибесі елімізде алғаш рет қолданылуда. Енді басы қатты болар, бірақ бұл қабылданған шешім бізге оң әсерін тигізеді деп сенемін. Бұл кәсіпкерлердің ісін ілгерілетіп, экономиканың дамуна себепші болады.

Жаңа экономикалық саясаттың арқасында өңдеуші кәсіпорындарда жылдық қуатылық төмендемей, нәтижесінде біраз жұмыс орындары сақталып қалды. Осы күні облысымызда 5 815 белсенді қызмет етуші кәсіпорын тіркелген. Бүгінде оның 96 пайызы, яғни 3 700-ден астам мекеме басшысы жұмысшыларымен ұжымдық келісім-шарт жасасқан. Өкінішке қарай, қоғамда өз міндетін адал атқармайтын жұмыс берушілер де әркез табылады. Еңбек инспекторлары оларды бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартып, тәртіпке шақыруда.

Қайрат Пішенбаев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– Мысалы, жыл басынан облысымызда 25 ұйымның жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қызметкерлеріне мерзімінде жалақы төлемеген. Бүгінде 25 заңды тұлғадан жалпы сомасы 107 млн. теңге өндіріліп алынды. Аталған қарыз солтүстікқазақстандықтарға толық көлемде қайтарылды. Тұрғындар жұмыс берушімен келісім-шартты ауызша емес, жазбаша түрде орындауы тиіс. Сонда ғана олар құқықтарының бұзылғандығын заң жүзінде дәлелдей алады.

Бүгінде ҚР қылмыстық кодексінде жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар заң нормалары бекітілді. Онда көрсетілгендей, бір кәсіпорында жазатайым оқиғаның салдарынан 2 не одан да көп адам көз жұмса, онда аталған мекеменің басшысы 5-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берик Касен