Қоғам

Жаңа экономикалық саясаттың тиімділігін жастар әңгімелеуде

20 жылға жуық уақыт қаржы саласында еңбек етіп жүрген Валерия Кадочникова бүгіндері жаңа саясаттың елІміз үшін маңыздылығы жайлы айтуда. Қазақстан да өзге мемлекеттер сынды мұнай бағасына тәуелді. Ал соңғы кездері қара алтын құнының құлдырағаны экономикаға да кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан дамушы елдер мұндай жағдайдан шығудың амалдарын іздеп жатыр.

Валерия Кадочникова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының доценті, э.ғ.к.:

 

– Бұл саясаттың енгізілуі инвестициялық және несиелік ресурстарға деген сұранысты арттырады. Егер бұрынғы жүргізілген жоба Қазақстанның барлық мүмкіндіктерін көрсете алмаса, ал мынау саясат елімізді экономикалық өсімге алып келеді. Оның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпорындардың шығарған тауарлары бәсекеге қабілетті бола түседі.

Бұл мәселелерді ескерген үкімет пен Ұлттық банк қоғамның әлжуаз топтарының да жағдайын назардан тыс қалдырмаймыз деп отыр.

Магжан Ахмадина