МТРА жаңалықтары

Төтенше жағдай қызметкерлері арасында “Жігіт сұлтаны” байқауы өтті

Кирилл Иванников – СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

– Байқауға тыңғылықты әзірлеген шығармамыздың бірі – “Астана” әні. Осы арқылы біз еліміздің жүрегі елордаға тоқталмақпыз. Сонымен қатар, күлдіргі қалжындарымызды да ортаға саламыз. Көрерменге ұнайтындығына сенімдімін.

Ең алғашқы болып байқау шымылдырығын СҚО ТЖД “Жедел-құтқару отрядының” “Красавчики” құрамасы ашты. Олар жиналғандарды салмақты сөздері және қызықты әзілдерімен тәнті етті.

Осыдан кейін ортаға “Ұлытау” құрамасы шықты. Қазақы дәстүрге сай киінген команда мүшелері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Өнерпаздар қарсыластарынан ерекшеленіп, біріңғай костюм тіктіріпті. Ұжымның әуелетіп салар әндері мен өздері шығарған өлең шумақтары да бар.

Руслан Базарбаев – “СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі” ММ жедел кезекшісінің орынбасары:

– Біздің құрамада өнерлі жастар көп. Солардың басын қосып бүгінгі сайысқа қатысып отырмыз. Байқауға арнап өлең шығардық. Дайындаған тағы да үй тапсырмаларымыз бар. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Сайысқа қатысқан құрамалар өнерлерін ортаға салудан аянбады. Олардың дайындаған жұмыстарын әділ-қазы мүшелері бағалады. Байқау соңында жеңімпаздар мақтау қазадары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Култанов Байболат