Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО қазанның 1-нен қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары басталады

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Қызылша бұл – жұқпалы ауру, яғни ауа арқылы тарайды. Бұл кезде адамның дене қызуы жоғарылап, бас ауруы мен жөтел пайда болады. Және денесі бөртіп кетеді. Сондықтан екпе жасау өте маңызды. Бұрындары бұл аурумен тек балалар ауыратын. Ал соңғы кезде қызылшаны 30-дан асқан азаматтар жиі жұқтыратын болыпты.

СҚО бойынша барлығы 233 екпе бекетінде 404 медициналық қызметкер, оның ішінде 202 вакцинатор жұмыс жасайтын болады. Ол үшін ел бюджетінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Қазанның бірінен бастап 15 пен 19 жас арасындағы жасөспірімдерге екпе жасалады. Жоспар бойынша осы жолы біз 11 мың 300 адамға егу жұмыстарын жүргіземіз. Оның 6 мыңы облыс орталығының тұрғындары. Қосымша иммунитеттеуге қатысты сұрақтар туындап жатса, онда азаматтар СҚО тұтынушылар құқығын қорғау және денсаулық сақтау департаментінің көмегіне жүгіне алады.

Айту керек, Петропавлда қызылшаны жұқтырған соңғы оқиға тамыз айында тіркелген.

 

Айгерим Ержанова