Спорт

Жерлес велошабандоздардың бағы жанды

Тас жолда әлемнің мықты деген жүзге жуық спортшысы сынға түскен сайыста жерлесіміз Олег Земляков бас классификациялауда екінші орынды иеленсе, командалық есепте солтүстікқазақстандықтар тобы қола жүлдені еншіледі. Велошабандоздар тынықбастан келесі күні Болгарияда бастау алған екі күндік Tour of Black Sea жарысына қатысты. Мұнда Жандос Бижігітовтың жұлдызы жарқырап жанды. Ол топтық сында 162 шақырым жерді бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті, ал 103 шақырымдық сайыста үшінші орынға табан тіреді. Жалпы есепте VINO 4-EVER (Вино Фоевер) сайыста Ресейлік әріптестеріне есе жіберіп, күміс жүлдені еншілеген. Осылайша жерлестеріміз қыркүйектің 19-ы мен 27-сі аралығында АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына жолдамаға қол жеткізді.

 

Риат Шони