МТРА жаңалықтары

Жемқорлықты болдырмау әр азаматтың міндеті

Аталған ел азаматтарының компюьтерлік сауаты жоғары екен. Тиісінше, бұқара әлеуметтік маңызды проблемаларды билік пен мемлекеттік мекемелерге интернет желісі арқылы жолдайды. Осылайша, шетелдіктер қоғамдық індеттің алдын-алуда көш бастап тұр. Бұл жүйеге біртіндеп Қазақстан да көшуде. Осы күні мемлекеттік қызметтердің 647-сі электрондық түріне ауыстырылған.

Зина Байғаскина, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің кеңесшісі:

-Өкінішке қарай, дамудың даңғыл жолына түскен елімізде пара алу фактілері көбеймесе, азаймай отыр. Оңайлықпен олжаға кенелуге әсіресе, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәдениет, спорт, білім беру саласының тұтқасын ұстаған азаматтар әуес келеді. Біз мұны қалай да тиып, қоғам болып қызмет бабын асыра пайдаланушыларға жол бермеуіміз керек.

Қоғам алдында жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік мекемелер жеке сайттарында жылда атқаратын қызметтерін жариялап отыруы тиіс. Және жеке парақшаларында жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге міндетті. Жақында мұндай ережеге ПИК-інің төрағалары да бағынатын болады.

Сергей Худяков – СҚО азаматтар альянсы қауымдастығының төрағасы:

 

-Жақында жеке сайттар әр ПИК-терінде пайда болуы мүмкін. Онда төрағалар сол үйдің тұрғындарына атқарылатын шаруа мен қаражаттың қайда жұмсалатындығы жайында хабардар етіп отырады.

Тоқ етерін айтқанда, парақорлық елдің болашағына, азаматтардың өміріне балта шабады. Сондықтан оны болдырмау әркімнің міндеті. Жемқорлық фактілеріне куә болған адам, селоқостық танытпай оны алдын алуға әрекет жасау керек.

Берик Касен