Балалар

“Жасыл ел” еңбек жасағы биылғы жылғы жұмысын аяқтады

Әсел Шияпова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті:

-Біздің “Жасыл ел” отрядында 30 жауынгер еңбектенді. Олардың барлығы орманды сыңған бұтақтар мен шіріген ағаштардан тазалады. Біз, Қызылжар ауданының ормандарында және “Қарғалы аралы” маңында жұмыс істедік. Өзіме жасақтағы балалармен бірге еңбек еткен ұнады. Келесі жылы да осы отрядқа қосылам деген ойым бар.

Айта кеткен жөн биылғы жылы «Жасыл ел» жасағының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде республикалық акцияға 200 мыңнан астам азамат қатысып, ел көлемінде 55 миллионнан астам көшет отырғызған екен. Биылғы жылы біздің өңірде аталмыш жасақта 323 адам еңбектеніпті.

Марина Подоксенова – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

-Үстіміздегі жылы бізде 300 астам азамат жұмыс істеді. Олардың облыстың 12 орман шаруашылығында болып орманды тазартуға белсенді ат салысты. Менің ойымша жастардың жаз айларында осылайша еңбек еткендері дұрыс. Өйткені біріншіден, қосымша ақша тапса, екіншіден таза ауада денсаулықтарын жақсартады. Әрі ормандарды сақтауға септеседі.

Жалпы жастардың маусымдық жұмыс жалақысы 40 мың теңгені құрайды.

 

Култанов Байболат