МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық Ұлан әскери институнда 200-ден артық курсант ант қабылдады

Жиылған жұршылықтың арасында 17 жасар Ақтілекке қолдау көрсетіп келген әкесі мен ағасы да бар. Туғандарымен көріскен бозбаланың қуынышында шек жоқ.

Ақтілек Көпжасаров, Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанты:

-Әскери азамат болу бала күнгі арманым. Бүгін еліме адал қызмет етуге серт еттім, енді бұдан былайғы күндерде де Отаныма қызмет етуді жалғастыра бермекпін.

Қатардағы жас сардарлардың салтанатты ант қабылдау шарасына әр өңірден келген ата-аналары да ортақтасты. Балаларын көріп мауқын басқан, аналар мен әкелер ерекше қуанышты. Бүгін олар құлындарына елге адал-қызмет атқарып, өздерінің ғана емес, күллі Қазақстанның мақташы болуын тіледі.

-Асқар Көпжасаров: “Балам осы оқу орнына түсті. Енді болашағынан үлкен үміт күтемін.

-Нұрбек Әбдіғалиев: “Алыстан арнайы келдік. Тек өз баламды ғана емес бүгін ант қабылған барша курсанттарды құттықтаймын.

Ата-аналар мен жиылған жұртшылықтың назарына әскери институттың оркестры мен барабаншылар ансамблінің туындылары ұсынылды. Жас курсанттар да ата-аналарын – өздері дайындаған саптағы әндері мен қоян-қолтық ұрыс тактикасын көрсетіп, тағы бір қуантты.

Айту керек, Ұлттық Ұлан әскери институты дайындап шығарған 2700 жоғары білімді офицер бүгінде еліміздің күш құрылымдарында адал қызмет атқаруда.

 

 

Акбопе Танирберген