Спорт

Петропавлда жаңа футбол алаңқайы ашылды

Валерий Евдокименко:

-Бүгін кезекті алаңқайды Чайковский 13 мекен жайы ауласында ашып отырмыз. Былтыр осындай 15 алаң пайдалануға берілді. Ал, биыл жоспардағы 27 алаңқайдың жартысынан астамы салынды. Жаңа нысандарға жасанды жабын жайылып, екі қақпа орнатылған.

Жаңа алаңқайда ендігі, осы ауланың балалары доп теуіп, ойын қызығына еніп кетті. Балғындардан бөлек, ересектер де ауладағы спортпен айналысуға мүмкіндік беретін нысанның пайда болғанына дән риза.

-Біз бұл күнді көп күттік. 3 жыл бұрын басшылық тарапқа балаларымыз ойнайтын аула керектігін білдіргенбіз. Бүгін міне қол жеткіздік.

-Бұрын Қарасай стадионына барып футбол ойнайтынбыз. Енді өз алаңымыз бар. Өте қуаныштымын.

Жыл басынан облыс орталығында 15 шағын футбол алаңы салынса, 2-еуі жөндеуден өткен. Ал, тағы 12-i жыл соңына дейiн қолданысқа берiлмек.

 

 

Акбопе Танирберген