Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Самат Темірбаев- облыс прокурорының көмекшісі:

-Аталмыш аудандағы бөлім мен жеке кәсіпкер арасында қаңтар айында локалды су жүйесін тазарту жұмыстарына келісімшарт жасалады. Бұл жұмыстар бюджеттік қаржы есебінен атқарылып, кейін ол мемлекеттік қызмет түрлеріне жатпайтыны анықталды. Яғни, бұл заңбұзушылық сыйбайлас жемқорлық ретінде қарастырылды.

Кейін «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын орындау кезінде жасалған бармақ басты, көз қыстылық фактілері жайлы баяндалды. 2014 жылы Ақжар және Уәлиханов аудандарында осындай заңбұзушылықтар анықталып, кінәлілер жауапқа тартылыпты. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстардан жиналғандарды облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Аман Қабдөшев құлағдар етті.

Аман Қабдөшев- СҚО энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Биыл облыс бойынша 37 жоба іске асуда. Олардың 6 былтыр аяқталады.

Кейін денсаулық сақтау саласында орын алған жемқорлық фактілері жайлы сөз қозғалды. Қадағалаушы орган өкілдеріның медициналық нысандарда жүргізген тексеріс жұмыстарының қортындысы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 423 заңбұзушылық орын алған. Салдарынан 71 сала қызметкері тәртіптік тағы 132-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Магжан Ахмадина