Өнеркәсіп

«Молпродукт» ЖШС өндіріс қарқынын арттыруда

Татьяна Сорокина – “Молпродукт” ЖШС өндіріс жетекшісі:

-Тәулігіне 76 тонна айран өндіреміз. Майлылығы 3.2 және 2. Сақтау мерзімі 3 ай.

Қазір зауытта сүт және сүт өнімдерінің 20-дан астам түрі шығарылады. Бастысы сұраныс бар. Себебі, өнімдері Қазақстанның барлық аймағы мен көршілес Ресейге жеткізіледі.

Роза Сулейменова – “Молпродукт” ЖШС директоры:

-Жыл басынан бергі айналым 4.5 млрд теңгені құрап отыр. Былтыр тауарларымызды РФ-на саудалаған болатынбыз. Бірақ, оны рубль курсының төмендеуіне байланысты тоқтата тұруға тура келді. Бірақ кейінгі бір жарым айда көрші елге өнімдерімізді экспорттауды қайта қолға алдық. Осы айда Омбыдағы филиалымызды қайта ашуды жоспарлап отырмыз.

Жаңа экономикалық саясат жағдайында да “Молпродукт” серіктестігі даму мен жетілу үстінде. Мұнда тер төгіп жүрген – 180 қызметкер жалақысына уақытылы қол жеткізеді.

Роза Сулейменова – “Молпродукт” ЖШС директоры:

-Қазақстандағы экономикалық саясат бізге кері әсерін тигізбейді. Керісінше, ісіміз алға басып, жергілікті халықтың жағдайы жақсара түспек. Сондай-ақ, біз келер жылы жұмысшыларымыздың еңбекақысын арттыруды көздеп отырмыз.

Зауыт қызметкерлері жыл соңына дейін сүт өнімдерін саудалау көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.


 

Акбопе Танирберген