Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жолдардың жағдайы бақылауда

Светлана Милехина- Жұмысшы кентінің тұрғыны:

-Біздің өтінішіміз назарсыз қалмағаны қуантады. Бірнеше жылдан бері осы мәселені көтеріп келеміз. Қандай да бір жұмыстардың жасалғандығы біз үшін маңызды болып отыр. Әйтпесе бұрын тіптен жүру мүмкін болмайтын.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Барлық жолдарды бір уақытта жасай алмаймыз. Біәрақ біртіндеп қаладағы шеткері аудандардың жолдарын дұрыстау ойымызда бар. Сондықтан биыл жоспарланған жұмыстар толығымен жасалады.

Бұдан соң тағы бір жұмысшы кенті тұрғынының өтініші бойынша аймақ басшысы Побелянский көшесіне ат басын бұрды. Мұндағы жолдардың да мәселесі жуырда шешімін тауыпты. Жалпы биылғы жылы аталмыш аудандағы 11 көше бойына ұсақталған тас төселіпті. Кейін аймақ жетекшісі қаланың келесі шеткі ауданы Мещан кентінде болды. Мұндағы жолдардың жағдайы да сын көтермейді. Бірақ біртіндеп жағдай шешіліп келеді. Жолдардың мәселесін өз өтінішінде 1-ші Кірпіш көшесі бойындағы үй тұрғындары да жеткізген.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Биыл барлық жоспарланған жұмыстарды жасаймыз. Бірақ қаржы жағы қолбайлау болып отыр. Сондықтан ендігі жылы сіздердің көшелеріңізді де жөндеуге жасалатын болады.

Жалпы ағымдағы жылы жолдарға ұсақталған тас төсеу үшін 131 млн теңге бөлініпті. Бірнеше компания көшелер бойын қалыпқа келтіру шаруаларымен айналысып келеді. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі шаһар басшысына жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

 

 

Магжан Ахмадина