Білім

Қазақстанда мультииндикаторлы кластерлі зерттеу жүргізіледі

Слушаш Сұлтанова – СҚО мультииндикаторлы кластерлі зерттеу тобының супервайзері:

-2015 жылы ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің статистика комитеті «ЮНИСЕФ» балалар қорымен бірігіп, мультииндикаторлы кластерді зерттеудің 5-ші кезеңін жүргізуді бастамақ. Жұмыстың басты мақсаты еліміздегі балалар мен әйелдердің денсаулығы мен білім саласын зерделеу. Сонымен қатар, бұл зерттеу нәтижелері ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға және де балалардың дәулеттілігін арттыруға бағытталған.

Айту керек, биыл біздің облысымызда 64 учаске, оның 30-ы Петропавл қаласында жұмыс жасайтын болады. Ал жобаға барлығы 1280 адам қатысады. 7 адамнан құралған бұл топ өз қызметтеріне қыркүйек айының 7-сі кіріседі. Статистер 15 пен 40 жасқа дейінгі нәзік жандылардан сауалнама алып, 5 жасқа дейінгі балалардың бойлары мен салмақтарын өлшейді.

Зерттеу нәтижелері құпия түрде сақталмақ. Алынған ақпаратты статистика департаментінің мамандары өз жұмыстарына қолданатын болады.

Людмила Семыкина – СҚО мультииндикаторлы кластерлі зерттеу тобының редакторы:

-Бұл зерттеу біздің еліміз үшін маңызды. Әсіресе қазақстандық әйелдер мен балалардың әлеуетін жақсартатын бағдарлама әзірлеу үшін керек. Сол себепті біз осындай мультииндикаторлы кластерлі зерттеу жүргізіп ақпарат жинаймыз. Нәтижелері, әрине құпия сақталады. Аталған жобаға тұрғындарды қорықпай қатысуға шақырамын.

СҚО мультииндикаторлы кластерлі зерттеу тобы өз жұмысын қараша айының соңында аяқтамақ.

 

 

Айгерим Ержанова