Ауыл шаруашылығы

Өткен жылдан сабақ алған СҚО Қызылжар ауданының диқандары биыл ол қателікті қайталамауға тырысуда

Осы күні жұмысшылар барлығы 978 Га алқаптың 85 пайызын дестеге түсіріп үлгерген. Мұнымен қоса “Ер-Агро” серіктестігі көктемде 5 мың 600-ден астам гектарға бидайдың Омбы 36 және Шортанды 95 сұрыптарын сіңіріпті. Диқандар сары алтынды құлату жұмыстарын қыркүйектің 2-сінен бастады.
Агроқұрылым жетекшісі Анатолий Усолкин биыл дәнді дақылдардың шығымдылығы жақсы дейді.

Анатолий Усолкин, “Ер-Агро” ЖШС басқарушысы, Қызылжар ауданы:

-Дәнді дақылдарды 4 комбайн мен 4 дестелегіш құлатуда. Биылғы маусымда гектарынан 17-19 центнер өнім алу ойымызда бар. Жауапты науқанға жұмыс күші, техника, жанар-жағармай жеткілікті. Еңбеккерлерге ай сайын 93 мың тг. төлеймін. Компанияда 11 комбайн, өнімділігі жоғары 3 кешен бар. Жақында жаңа астық кептіргіш сатып алдым.

Биыл “Молодое” ЖШС-гі де өткен жылдағы болған жағдайдан сабақ алып, биыл ескі астық кептіргіш қондырғыларын қутылығы күштісіне алмастырған көрінеді. Серіктестік басшысы Вадим Эрнестің айтуынша, бұл өнімді дер кезінде кептіріп, сары алтынды шашау шығармай жинап алуға мүмкіндік береді. Диқандар бидайдың ылғалдылығы 14 пайыздан аспайды. Бастырып, кептіруге болады дейді.

Вадим Эрнст, “Молодое” және “Тәуекел” ЖШС-нің директоры, Қызылжар ауданы:

-Осы жылы 2000 гектарға бидай, арпа сынды дәнді дақылдарды септік. Жауапты науқанға 30 жұмысшы тартылды. Егінді 20-дан астам техника жинауда. Биыл бидайдың ылғалдылығы онша жоғары емес, бекітілген нормадан аспайды. Сәйкесінше, көп шығынға батпаймыз. Ауа-райы оң қабақ танытса, бұл шаруаны 2 аптаның ішінде аяқтауды жоспарлаудамыз.

Жалпы Қызылжар ауданы бойынша жазғы егістікке 203 мың Га. алқап бөлінген. Оның 116 мыңы дәнді дақылдарға тиесілі болса, қазіргі таңда сол аумақтағы өнімнің 20 пайызы дестеге түсіріліп, 10 пайызға жуығы бастырылды.

Өмірбай Омаров, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Аудандағы 650 комбайнның 165-і жоғар өнімді. Тегеурінді техниканың көмегімен күінен ауданда 6000 Га-ға жуық егіс көлемін бастыруға болады. Қолайлы ауа райы болған жағдайда егін орағын 20-25 күннің ішінде аяқтауға мүмкіншілігіміз жетеді. Ол үшін техника, адам күші, жанар жағармай қоры да толығымен жеткілікті.

Осы күні Қызылжар ауданында егін шаруашылығымен айналысатын 304 шаруашылық бар. Қазір егінді жинау бойынша көш басында Сервис Жар, Якорь Агро, Вагулинский серіктестіктері мен “Зенченко и К” КС -гі келеді.

 

 

Берик Касен