Қоғам

Өңірімізде жыл басынан ащы сусынның кесірінен 800-ден астам қылмыс жасалған

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Жыл басынан бері біздің қызметкерлер алкогольдік өнімді тыйм салынған уақыттан кейін саудалауға байланысты 139 әкімшілік құқытың бұзылғандығын анықтады. Ащы сусынды 21 жасқа толмаған жастарға сатқаны үшін 94 сатушы жауапкершілікке тартылды. Жалпы мас күйінде қылмыс жасаудың 809 фактісі анықталды. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді тәртіп сақшыларымен әріптестік етуді сұраймын.

Заң бәріне ортақ. Оны бұзғандар тиісті жазасын алады. Алкогольдік өнімдерді тыйым салынған уақыттан кейін, не болмаса лицензиясыз саудалайтындар өңір кәсіпкерлерінің бизнесіне кедергі келтіретін көрінеді.

Жеңіс Қазиев – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

-Қазіргі күшті бәсекелстік кезінде бизнес субъектілері өздерінің кәсібін құлдыратып алмай, ұстап қалуды көздейді. Оларға заңсыз сауда жүргізетін кей тұлғалар кедергі келтіруде. Атап айтсақ, қазір лицензиясыз алкогольдік өнімді өткізетін пысықайлар қаптауда.

Жалпы жеңіл ақша табуды көздеген пысықайлар өздерінің заңсыз саудасын қаланың шет аудандарында жүзеге асырады екен. Ондай былайша айтқанда қараңғы жерлерде шөлмек сүйер жандар үшін баға дүкендегіден қарағанда төмен.

Игорь Бухонин – “Риск” кәсіпкерлер одағы” қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы:

-Қазір кез-келген адам өз үйінде отырып алкогольдік өнімді саудалай береді. Ондай нүктелер қоғамға белгілі. Ондағы бағалар дүкендікімен салыстырғанда төмен. Өйткені біз орнатылған шамадан аса алмаймыз да, түсе алмаймыз да. Солардың кесірінен қаламызда түрлі қылмыстар орын алып жатады. Онымен күресу қажет.

Жалпы жиынға қатысушылар өңірімізде алкогольге байланысты қылмыстардың санын жыл соңына дейін азайтуды жоспарлап отыр.

 

 

Риат Шони