Қоғам

Өңір экономистері елімізде қабылданған жаңа экономикалық саясатты қолдауда

Шынар Рамазанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «экономика, бухгалтерлік есеп және сервис» кафедрасының аға оқытушысы:

-Елбасымыздың жаңа экономикалық саясаты – түсімділік, инвестициялардан түскен қайтарымдар мен бәсекеге қабілеттілік қағидаттардағы жалпылай біріктіретін экономикалық прагматизм деп санаймын. Бұл дегеніміз кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, яғни ұлттық экономиканың алдыңғы қатардағы жүргізетін күші.

Сонымен қатар, өңіріміздің экономист мамандары еліміздегі тауар өндірушілер жұмыс қарқынын бұрынғысынан да арттыруға басымдық беретініне сенімді.

Бибіхан Махметова – СҚО экономика басқармасының бөлім басшысы:

-Доллардың көтерілуі біздің елге де өз әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, Қазақстан сыртқа экспорттайтын шикізат бағасына. Мәселен, мұнай екі есеге арзандап кетті. Ал кәсіпкерлер жерлестеріміздің ресей тауарына жиі баратындықтарынан біраз шығынға ұшырады. Осындай аумалы-төкпелі уақытта ақшалай-кредиттік жүйенің енгізілуі бірден бір дұрыс шешім болды.

Тамыздың бел ортасында ел азаматтары шетелдік көк валютаны 270 теңгеге сатып алған болатын. Ал күздің бірінші айында американдық доллар құны 240 теңгеге дейін түсті.

 

 

Айгерим Ержанова