Қоғам

Денсаулық күніне орай “Непутн” аквапаркі даун синдромы бар балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырды

Елена Леженко – “Нептун” аквапаркінің әкімгері:

-Біз балғындарға арнап үлкен мейрам ұйымдастырдық. Бұл олардың бір-бірімен араласуына, суда еркін жүзіп үйренуіне және бұлшық еттерінің дұрыс жетілуіне септеседі. Оның үстіне ой қабілеттерін арттыратын ойындарда болады.

Барлығы шынайы бір ертегі әлеміндегідей. “Қазына аралы” деп аталатын ойын бағдарламасында қарақшы болып киінген қызметкерлер балаларға арнап аквапарктің ішінде экскурсия жасады. Кейін барлығы бассейнге түсіп, түрлі эстафеталық ойындармен көңілдерін көтерді. Жалпы бұл балғындардың барлығы “Адон-Север” қоғамдық бірлестігінде мүшелік етеді.

Любовь Бессонова – “АДОН-Север” қоғамдық бірлестігінің педагог-дефектологі:

-Балғындарға арнап денсаулық күні қарсаңында осындай шараны ұйымдастыруды жөн көрдік. Қазіргі таңда біздің бірлестікте 32 адам бар. Осындай мерекені ұйымдастыруда шет қалмаған “Нептун” аквапаркінің ұжымына алғысымызды айтамыз.

Мұндай қызықты әрі көңілді шараның ұйымдастырылғанына балғындардың ата-аналары риза.

-Мұндай шара балалардың өсіп жетілуіне үлкен сеп болады. Бір-бірімен араласып, сөйлеседі.

-Біздің балалар суда жүзіп үйренді. Менің баламның аяғы ауыратын. Қазір барлығы жақсарып келеді.

Айта кету қажет, сауабы мол игі шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

 

 

Риат Шони