Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов тұрғындарды қабылдады

Гошта Евлоева, Пенькова селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Мен болсам қартайдым, бұрынғыдай жүріп-тұруға шамам жетпейді. Сол себепті төлқұжаттарды рәсімдейтін орталықты жақын маңдағы Соколовка селосына алдыртуды сұраймын. Екіншіден, Пенькова селосындағы учаскелік инспекторларды ауыстыра бермесін деген өтінішім бар.

Мамыр айында автомектепте оқыған петропавлдық Әсел Табанакова осы күнге дейін жүргізуші қуәлігін ала алмай жүр. Кейін анықталғандай, Әсел оқып жүрген кезде аталмыш ұйым қайта тіркеуден өтпей, сәйкесінше олардың тыңдаушыларға тарататын құжаттарының заңды күші жойылған болып шықты. Мұны Берік Біләлов жеке бақылауына алып, жақын күндері мәселенің құқықтық тәртіпте шешілетіндігін жеткізді.

Әсел Табанакова, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Мен “Кызылжар” автомектебінде оқуымды бітіріп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға бардым. Ондағылар маған оқыған автомектебімнің қайта тіркеуден өтпегендігін айтты. Содан бер 2 ай өтті. СҚО ІІД-нің бастығы бұл мәселені жақын арада бір жақты етеміз деді.

Жыл басынан бері өңіріміздің бас полицейі Берік Біләлов 250-ден астам солтүстікқазақстандықты қабылдады. Тұрғындардың дені қылмыстық істерді ашу, тергеу, жұмысқа орналасу сұрақтарын жолдапты.

Берик Касен