Қоғам

СҚО 5 қыркүйек аңшылық маусымы басталады

Александр Соловьев – аңшы:

– Бала кезімде ағам аңшылықпен айналысып жүргенде мені үнемі өзімен бірге алып жүретін. Сол кісі саятшылық жасауға үйретті. Кейіннен бұл істің барлық сырларын ұғынып алдым. Енді қазір достарыммен және ұлыммен бірге аңшылыққа шығамын. Бұл маусымды тағатсыздана күттім. Жолдаманы сатып алғаныма қуаныштымын.

Кезекті аңшылық маусымы қыркүйектің 5-інде бастау алады. Ережемен бекітілген аралықта өңірдегі 24 аңшылық шаруашылығында суда жүзетін құстарды, дала үйрегі, қаз, қасқалдақ, бұлдырық сынды қанаттыларды атуға рұқсат етіледі. Ол үшін арнайы құжаттар қажет.

Василий Руденко – Солтүстік Қазақстан облыстық балықшылар мен аңшылар қоғамының төрағасы:

– Саятшылық жасау үшін тіркелген аңшының куәлігі, қаруды ұстауға және сақтауға рұқсат етілетін құжат пен аңшылық жасауға арналған жолдама болу керек. Жолдамалар Амангелді көшесі 137 мекен жайында орналасқан балықшылар мен аңшылардың Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамынан алуға болады. Өткен жылы заңсыз саятшылық құру фактілері орын алды. Елік атып браконьерлік жасағандар 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Жалпы аңшылық жасауға рұқсат етілетін жолдаманың құны қоғам мүшелері үшін 2 мың мен 4 мың теңгенің маңайында. Ал өзге, яғни қоғамда мүшелік етпейтін саятшылар үшін ол 5 және 11 мың теңге шамасында. Айта кету қажет, екі күннің ішінде мұндай билеттерді 100-ден астам аңшы сатып алыпты. Жалпы балықшылар мен аңшылардың Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамын 8300 саятшы бар.

 

Риат Шони