Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар әлемдік жарыстарда жүлдегер атанды

Владимир Хван – Илья Хванның әкесі және жаттықтырушысы:

– Илья таеквондомен 5 жастан бері айналысыды. Мен ұлымның осындай жетістікке жететіндігіне сенімді болдым. Өйткені, ол ұзақ дайындалды. Илья еншілеген алқалардың арқасында Қазақстан құрамасы таэквондо бойынша үздік 10 мемлекеттің қатарына қосылды.

Көп кешікпей шойын жолдың бойымен жүрдек пойыз да келіп жетті. Сыртқа бірінші шыққан таеквондошы Илья Хванды жанкүйерлері қуана қарсы алды. Спортшы Болгарияда өткен әлем чемпионатында екі бағдарламада бақ сынап қос бірдей алқаға ие болып отыр. Соның арнайы әдіс-тәсілдер бөлімінде үздік атанған. Ал, екінші қоласын жалпы құрамалық есепте еншілепті.

Илья Хван – таеквондодан әлем чемпионы:

– Жарысқа 89 мемлекеттің спортшысы қатысты. Өзімнің бағдарламамдағы сайыста біз ауада ілініп тұрған тақтайларды теуіп күш сынадық. Мен онда бір мүмкіндікте 5 тақтайды сындырдым. Осылайша, әлем чемпионы атандым. Жетістігіме өте қуаныштымын.

Грек-рим күресінің палуаны Алпамыс Дастанбек елімізге Босня-Герцоговина мемлекетінен оралды. Жерлесіміздің бұл әлемдік деңгейдегі алғашқы жарысы. Ол чемпионатта 4 бірдей кездесу өткізген.

Алпамыс Дастанбек – грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінің қола жүлдергері:

– Қарсыластарым мықты болды. Финалға жолдама алар кездесуде ресей палуанына ұтылдым.

Спортшылар алдағы уақытта аздаған демалыстардан соң келесі додаларға дайындықтарын бастамақ.

Култанов Байболат