МТРА жаңалықтары

Қыркүйек айындағы орташа айлық температура +12 градус жылы болмақ

Қазгидромет мамандарының айтуынша қыркүйек айының алғашқы онкүндігі қалыпты болмақ. Түнде +7, +12 болса, күндіз +10, +15 тіпті кей жерлерде сынап бағанасы +20, +25 градусты көрсетеді. Ал, айдың екінші онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендейді.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

– Екінші онкүндікте ауа райы жиі өзгеріп тұрады. Бастапқы кезде салқын болып, түнгі уақыттарда -1 болады. Алайда, онкүндіктің соңына қарай жылынады. Сынап бағанасы түнде +4, +9 болса, күндіз +22 градусты көрсетеді.

Айдың үшінші онкүндігі құбылмалы болмақ. Бастапқы кезде температура түнде +4, +7-ні көрсетсе, күндіз +17, +22 градусқа дейін жетеді. Ал, онкүндіктің соңы сәл салқындайды. Сондай ақ, қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтілуде.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі:

 

– Қыркүйекте өңіріміздің кей жерлерінде жаңбыр жиі жауады. Тіпті, соңы бұршаққа ұласады. Сондықтан, өсірген өнімді ашық күндерді пайдаланып жинап алған жөн.

Тарихи деректерге сүйенсек, қыркүйектегі ең төмен температура 1955 жылы осы айдың 29-жұлдызында тіркеліпті. Онда сынап бағанасы минус 6-дан төмендеген. Ал, ең ыстық күн 2003 жылы орын алған. Дәл сол күні температура +34 градус болған.

Култанов Байболат