Қоғам

Проблемалы көпқабатты үйлердің мәселесі шешілетін болады

Людмила Вагулис- Новая, 83 үйінің тұрғыны:

– Бұрындары кәріз құбырлар бітеліп, тағы бір оқыс оқиға болса, мамандарды шақыртатынбыз. Осындай кішігірім мәселені шешетін едік. Енді міне үйге жөндеу жұмыстары қажет. Көптеген тұрғындар ақша тапсырмайды. Жылыту маусымына даярлық шараларын жүргізу кезінде де үнемі қиындықтар болады. Содан осы «Голден хаус» ЖШС жүгіндік. Шарттары көңілімізден шығады. Олар бар мәселемізді шешеді деген үміттеміз.

Қазір баспананың проблемаларын шешуге кіріскен «Голден хаус» ЖШС жұмысты жертөледегі суды сорып алудан бастапты. Әзірге, кәсіпорын 2 көпқабатты баспанаға қызмет көрсетіп, тағы 20-ға жуық үй тұрғындарының өтінішін қарастырып жатыр. Жалпы серіктестік 2006 жылдан бері ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысып келген. Кейін қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің пилоттық жобасына қатысып, алдағы уақытта басқару формасы жоқ баспаналармен айналыспақ.

Марина Кныш- «Golden house» ЖШС заңгер:

– Біз үйді қарамағымызға алу үшін тұрғындардың 3-тен 2-сінің келісімі керек. Яғни, олардың жартысынан көбі келіспей біз оларды ала алмаймыз. Бұл сол ПИК сияқты. Тек біз ондай басқару формасы жоқ баспаналарды аламыз. Бізге қазір тіпті кооперативтері бар үйлерден өтініштер келіп түседі. Әзірге, біз үй тұрғындарымен жиналыстар өткізіп, келісімшарттарды таратып жатырмыз. Онда серіктестік көрсететін қызмет түрлері толығымен жазылған.

Кәсіпорынның барлық қажетті техникалары бар. Яғни, олардың құрамына кіретін үйлерде апаттық жағдай бола қалған жағдайда, абыржудың қажеті жоқ. Татьяна Антонова жұмысшы кентіндегі 9 үйдің жағдайына жауапты. Ол осындай ұйым ашылып жатыр дегенді естіп, қандай да бір ақпарат алу үшін бүгін осында келген.

Татьяна Антонова:

 

–  Әр үй тұрғыны келісімшартты көрді. Олардың көбі мұндағы шарттармен келісіп отыр. Тағы айтарым, кей тұрғындар ПИК үшін ақша төлегілері келмейді. Ал мына серіктестіктегілер олармен күрес жолдарын тапқан. Яғни, ондайлардың ісін сотқа беретін болады. Тағы айта кету керек, серіктестікке енген баспана иелері, тарифте бекітілгендей, пәтердің бір шаршы метір үшін 27 теңге төлейді. Бұл қазір біз жинап жүргенен әлдейқайда аз. Оның үстіне, мекеменің өзінің техникалары, электрик, сантехник, еден жуушы сынды қызметкерлері бар екен.

Айта кету керек, бүгіндері қаладағы 250-ден астам көпқабатты үйде басқару формасы жоқ екен. Сондықтан оларда жылыту маусымына даярлық, жөндеу жұмыстары, жалпы баспана күтіміне қарайтын адам жоқ. Ал «Голден хаус» ЖШС солардың проблемаларын шешуге көмектесетін болады. Егер кәсіпорын құрамына кіретін үйлердің саны көбейсе, техника мен қызметкерлер санын да арттырамыз деп отыр мұндағылар.

Магжан Ахмадина