Қоғам

Петропавлда жылыту маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

Виктор Федонюк- «Интернационал, 68» ТК төрағасы:

– Жылу және сумен қамтамасыз ету бойынша бізде проблема болмайды. Тұрғындар уақытылы ақша жинап, барлық жұмыстарды ертерек жасағанды қалайды. Өткен жылы үй шатырын жөндедік. Сонда мәселелер туындаған. Енді оны жөндеді. Барлығы дұрыс болады деп ойлаймын. Жалпы қыста үй жылы. Жылу есептегіш құрылғыларын орнатқалы бері жылу үшін аз төлейтін болдық. Енді алдағы уақытта ысырмаларды алмастыруды көздеп отырмыз.

Жылыту маусымының басталуына да аз ғана уақыт қалды. Бірақ көптеген тұрғындар әлі күнге дейін үйлерін маңызды науқанға дайындамаған. Қаладағы көпқабатты баспаналардың жартысынан астамы тиісті құжаттарынсыз отыр.

Жәнібек Әлкин- Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Петропавл қаласы бойынша 1041 көпқабатты үйдің бүгіндері тек 503-де тиісті жұмыстар жасалып, құжаттар алған. Бұл өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 100 үйге көп. Жалпы жылыту маусымына ертерек дайындалу тұрғындардың өздері үшін жақсы.

Ала жаздай ән салған шегірткенің күйін кешпеу үшін әлі де болса, жылыту маусымына даярлық шараларына қарқын қосу қажет.

Магжан Ахмадина