Білім

Н.Крупская атындағы 10 орта мектебі біріңғай формаға көшті

Мәселен, Н.Крупская атындағы №10 орта мектеп – биылғы жаңа оқу жылында біріңғай оқушы формасын енгізіп отыр. Оқу ошағында білім нәрімен сусындап жатқан 886 баланың барлығы енді сұр түсті киім киетін болады. Мектептің 11 сынып оқушысы Кәмилә Қошан жаңа киім үлгісі өте ыңғайлы дейді. Себебі, белдемше, көйлек, шалбар, жакет болсын, мейлі, киімнің түрі мен матасын таңдау оқушының еркінде. Тек түсінің бірдей болуы маңызды

Кәмилә Қошан, Н. Крупская атындағы №10 орта мектептің 11-сынып оқушысы:

– Форма ұнайды. Өте ыңғайлы. Бастысы өзіміз таңдау жасай аламыз. Қатып қалған ереже жоқ. Біз үшін маңыздысы форма емес, мектепті жақсы бағаға аяқтау.

Балалардың біріңғай формаға көшуі, және сұр түсті таңдауы – олардың әке-шешесінің бір ауыздан қабылдаған шешімі. Кәмиләнің анасы – Дәмежан Жанбекова: «Оқушының ұқыптылығын формасына қарап, бағамдауға болады,- дейді.

Дәмежан Жанбекова, ата-ана:

– Жалпы мектептік ата-аналар жиналысында сұр түсті мектеп формасы енгізілсін деген шешімді бір ауыздан қабылдадық. Менің де, балаларымның да көңілінен шықты.

«Мектеп формасы оқушының айнасы. Сондықтан, мектебіміздің ұл-қыздарына – қабылданған сұр түсті киімді киюі міндетеледі» дейді, – мектеп директоры.

Татьяна Анцибор, Н. Крупская атындағы №10 орта мектептің директоры:

– Біздің мектебіміздің тарихы кеңестік кезеңнен басталады. Ал, қазіргі ұрпақ заман талабына сай киім кигені дұрыс. Сондықтан, біз енгізілген жаңа мектеп формасын құптадық. Бұл сұрақты ата-аналармен бірлесіп шештік. Сөйтіп, оқушалар 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын жаңа формамен аттады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның мектептерінде 2016 жылдан бастап бірыңғай мектеп формасын енгізу туралу заңды Парламент депутаттары қарап жатыр.

Акбопе Танирберген