Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғасы тіркелді

Павел Сергеев – №8 бағыттық микроавтобусының жүргізушісі:

– Бәрі бір жаққа асығады әйтеуір. Бірақ мұндай оқиғаға бірінші рет тап болып отырмын. Көлік үйінің ауласынан сағатына 60 км жылдақпен шықты.Тұрғын үй аймағында сағатына 40 км.ден асырудың өзі тым көп. Ол жерде сағатына 15-20 км. қалыпты жылдамдық. Жол бермей, автобусқа қарсы бетке үлкен жылдамдықпен шықты. Сасқанымнан не істерімді білмей қалдым. Қайта ешкім жапа шеккен жоқ.

Оқиға орын алған сәтте қоғамдық көлікте 7 жолаушы отырған. Абырой болғанда бәрі есен-сау. Ал, жедел жәрдемнің көмегін тек жеңіл көліктің жүргізуші қажет еткен. Қай жүргізушінікі дұрыс, қайсысынікі бұрыс екені әкімшілік сотта айқындалады дейді жол сақшылары.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Фактіге сүйенсек, жеңіл көлікті тізгіндеген нәзікжанды ауладан жоғары жылдамдықпен шыққан. Көліктің сол жақ бұрылыс белгісін жағып, оң жақта келе жатқан микроавтобусқа қарсы бұрылған. Нәтижесінде қос көлікке де зақым келді. Қазір, әкімшілік хаттама толтырылды. Жеңіл көлік жүргізушісіне10 айлық есптік көрсеткіш көлемінде айыппұл салыну қауіпі бар.

Жалпы жыл басынан облыс орталығындағы жолдарда 130-дан артық жол көлік оқиғасы тіркелген. 20 адам көз жұмып, 170-і түрлі дене жарақаттарын алған. Көп жағдайда көлік апатына себепші болатын темір тұлпарды тақымдағандар болып табылады.

Акбопе Танирберген