Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Жолда қабылдау” акциясы өтті

Асан Найманбаев – қала тұрғыны:

– Мен өзім жұмысшы кентінде тұрамын. Сол ауданға қатысты мәселелерді айттым. Украин және Караван көшелеріне бағдаршам орнатсын деген ұсыныс білдірдім. Акция жақсы екен. Жиірек болып тұрса екен деймін.

Акция барысында жүргізушілер заңдылықты сақтау бойынша сауалнамаға жауап берді. Ал полицейлер сәйкесінше, оларға бүктеме және ақпараттық қағаздар, блакнот пен қаламдарды сыйға тартты. Жыл сайын аталмыш акция оң нәтиже беруде дейді мамандар.

Болат Дүйсенов – СҚО ІІД жол-техникалық инспекциясының бөлім бастығы:

– Бұл акция барысында жүргізушілер жол жүру ережесі бойынша, көлікке қатысты құжаттарды рәсімдеу және т.б сұрақтарын қоя алады. Анкета толтырып, ұсыныстарын білдіреді. Оны біз қарап, қабылдаймыз.


Аталмыш акция үш айда бір рет ұйымдастырылып тұрады.

Айгерим Ержанова