Құқық қорғау органдары

Петропавлда «Абайлаңыз – балалар» республикалық іс-шарасы бастау алды

– Өткен жылғы оқуымды жақсы бағалармен тәмамдадым. Келесі тоқсанда да тек үздік бағалар алуға тырысамын

Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балғындарды мерекемен құттықтап қана қоймай, алдын-алу жұмыстарын да жүргізді. Шара соңында 3 оқушы жол қозғалысы ережелерін жақсы меңгергені үшін инспекторлар қолынан кеңсе тауарларына толы сөмкені сыйлыққа алды.

Айгүл Сейітова – Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының инспектор-психологы:

– Қалалық жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері ішкі істер басқармасының әйелдер кеңесімен бірігіп «Мектепке жол» акциясын өткізуде. Аталмыш шараның басты мақсаты: оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жолда абайлап жүруге шақыру. Енді мұндай алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізілетін болады .

Мұндай іс-шараның өткізілуі маңызды. Өйткені статистикалық көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Соңғы 7 айдың ішінде облыс жолдарында балалардың қатысуымен 25 жол-көлік отқиғасы тіркелген. Нәтижесінде екі бала қайтыс болып, 25-і түрлі жарақаттар алған. «Абайлаңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы қыркүйек айының 10-на дейін жалғасатын болады.

Айгерим Ержанова