Қоғам

Облыс орталығын көркейту жұмыстары қызу жүргізілуде

Дмитрий Таценко – “Металлком СК” ЖШС директоры:

– Біздің серіктестік қалада 20 аялдама тұрғызды. Олардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Құрылысқа қажетті темір мен әйнектің барлығы – өзіміздің өнім. Аялдаманы қаптай қоршалған шынының қалыңдығы – 10 мм. Өте мықты. Тұрғындарға ұнап жатыр.

Осыдан соң қала әкімі Қазақстан Конституциясы және Мағжан Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы жаңадан тұрғызылған бағдаршамды қарады. Облыс орталығында дәл осындай көлік қозғалысы реттегіштерінің 32-і қыркүйек айының соңына дейін жұмыс істеуі қажет. Ол үшін республика бюджетінен 150 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Николай Лазарев – “Дорсигнал” ЖШС директоры:

– Бұрындары көшелерде бір бағдаршам болатын. Қазір қатарына 3 бірдей бағдарларды ілудеміз. Бұл құрылғылар жарықты 8 есе үнемдейді және олар үлкен келеді. Алдағы уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолға сәуле шашатын жарық құралдарын орнатамыз. Ол түнгі уақытта жолда жүру ережесінің бұзылмауына сеп болмақ.

Қазіргі күні шаһардың 10 көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Солардың қатарында Мир көшесі де бар. Жоспар бойынша аталмыш тас жолдың 6,5 шықырымын қалпына келтіру қажет. Бүгінде шаруаның 60% тындырылды. Жұмысқа 50 маман мен 40 техника тартылған.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Биылғы жылы жоспар бойынша 345 мың шаршы метр жолды жөндеу бекітілген болатын. Оның 170 мыңы қазір аяқталып отыр. Қазір тас жолдардың сапалы жөнделуі үшін 7 серіктестік жұмылдырылған. Олар шаруаны қыркүйек айының соңына дейін бітіреді. Тек ауа райы жақсы болса болғаны.

Содан соң Марат Тасмағанбетов Жамбыл көшесіндегі 153-үйде болып, көпқабатты баспананың қасбетін сырлау жұмыстарымен танысты. Айта кеткен жөн осы күні қаладағы 10-нан аса ғимараттың сырты боялуда. Үй иелері болса атқарылған жұмыстарға көңілдері толатындықтарын айтады.

Людмила Колычева – Жамбыл көшесіндегі 153 үйдің тұрғыны:

– Мен осы үйде 1969-жылдан бері тұрамын. Өткен уақыттың ішінде ешқандай бояу жұмыстары жүргізілмеді. Үйіміз сәнді бола түсті. Рахмет.

Облыс орталығын абаттандыру жұмыстарына өзге тұрғындар да ризашылықтарын білдірді.

–  Қаламыз күн сайын көркейе түсуде. Жаңа аялдамалар мен бағдаршамдар орнатылып жатыр. Өте әдемі.

 

– Біздің үйдің алдында жаңа футбол алаңы тұрғызылды. Ол баларымыздың спортпен шұғылдануына сеп болмақ. Қаламыз көркейе берсін.

Култанов Байболат