Қоғам

Алдағы демалыс күндері облыс орталығында су тарату уақытша тоқтатылады

Сергей Визеров – «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

– “Қызылжар су” кәсіпорны жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін қала бойынша су таратуды тоқтатады. Профилактикалық шараны жүзеге асыру қыркүйектің 5-і мен 6-сы күндеріне жоспарланған. Бірінші күні механикалық тазалау мен жөндеу жұмыстары қатар атқарылады. Ал 6-шы қыркүйекте жуып-шаю жүргізіледі.

Тиісті жұмыстар аяқталып, су жіберілген мезетте оны ас пісіруге қолдануға болмайды. Өйткені, судың құрамында хлор қосындысы шамадан тыс көбейтіледі екен.

Сергей Визеров – «Қызылжар су» ЖШС бас инженері:

– Бұл күндері кәсіпорын қызметкерлерінің 70%-ы жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарына 400-450 адам шығады. Су тарату қыркүйектің 6-сы түнгі сағат 12-лер шамасында басталады. Бірақ, тұрғындар ол суды пайдаланбай тұрғандары қажет. Ал дүйсенбі, яғни 7-сі күні Петропавл қаласы мен Прибрежное, Тепличное ауылдарының тұрғындары тіршілік көзімен толық қамтамасыз етіледі.

Ауқымды жуып-шаю жұмыстары басталғанға дейін барлық 210 мыңнан астам тұрғын екі күндік сумен қамданып алулары керек.

–  Үздіксіз су тарату үрдісі уақытша үзілгенімен әлеуметтік маңызы бар емдеу мекемелері, интернаттар мен балабақшалар тіршілік көзінсіз қалмайды. Ондай нысандарға су таратуды серіктестік өз мойнына алып отыр.

 

Айгерим Ержанова