Құқық қорғау органдары

2015 жылдың 8 айында СҚО жолдарында 2000 жуық жүргізуші мас күйінде ұсталды

Кейін анықталғандай тәртіп бұзған 35 жастағы тұрғын ешқайда жұмыс істемейтін болып шықты.

Айбек Төлебаев, Петропавл қалалық ІІБ ЖППБ қызметкері:

– Жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Оны біз наркологиялық орталыққа апарып анықтадық. Бұзақының көлігі айып тұрағына қойылды. Кейін анықталғандай, одан 2013 жылы жол ережесін бұзғаны үшін 2 жылға жүргізуші куәлігі тәркіленген. Бүгінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған тұрғын 20 тәулігін қамауда өткізуі мүмкін. Жалпы “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы барысында 2 күннің ішінде облыс орталығында 19 жүргізуші ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар темір тұлпарын мас күйінде басқарған.

– Праздник. У меня – праздник.

– И за руль сел?

– Да.

– Сколько выпил?

– 4 кружки пива.

– А ты не знал, что за рулем нельзя ездить пьяным?

– Знал.

– Сколько лет тебе?

– 21.

– Чем занимаешься?

 

– Ничем.

Үстіміздегі жылдың 8 айында жол қауіпсіздік ережесін 57 мың. солтүстікқазақстандық бұзыпты. Соның 374-і көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынды.

Берик Касен