Спорт

Облыс орталығында “Petrocup” турнирі аяқталды

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ қалалық филиалының бөлім басшысы:

– Турнир жеңімпаздарына 80 мың теңге көлемінде. Сонымен қатар үздік ойыншыларды да анықтайтын боламыз.

Көп ұзамай финалдық ойын да бастау алды. Алаңда жасыл жейдеде Динамо командасы болса, олардың қарсыласы Әділет-2 құрамасы ақ формада. Ойын тізгінін бірден динамошылар алып, қарсыластарының қақпасына гол соқты.

Голдың есесін қайтару үшін әділеттік ойыншылар алға ұмтылғанымен оларынан түк шықпады. Керісінше, динамошылар қарсыластарын қарымта шабуылда ұстап, қақпаларына тағы да гол дарытты. Ал алғашқы таймның соңына қарай жасыл жейдедегі ойыншылар есепті 3-0-ге дейін жеткізіп, бірінші жиырма минуттықты өз пайдаларына шешті. Екінші таймда да сол сценарий қайталанды. Әділет командасының қақпасына тағы үш гол соғылды. Ал, ақ формадағы ойыншылар жауап ретінде тек екі-ақ допты дарыта алды. Сонымен, Динамо командасы Әділет құрамасын 6-2 есебімен ойысырата ұтып, Петрокап турнирінің жеңімпазы атанды.

Евгений Кошкин – “Динамо” командасының капитаны:

 

– Ойын өте ауыр өтті. Қарсыласымыз 6-2 есебімен ұтылса да, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесу барысында қос командада да көптеген мүмкіндіктер болды. Жалпы турнир жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

Айту керек, биыл бұл турнир қалада алғаш рет ұйымдастырылды.

Риат Шони