Қоғам

Муниципалды телеарнаға – 17 жыл

Таңның атысынан ММуниципалдық арна ұжымы қызу жұмысқа кіріседі. Барлық қызметкерлер ел өмірінде болып жатқан жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай көк жәшіктен жариялауға тырысады. Арнаның түсірілім тобы әрдайым оқиға орнынан табылып, халықтың пікірін жинайды. Осыдан кейін журналистер болған оқиғанын мәтінін жазады. Бірақ, мұнымен бейнематериал әлі де эфирге дайын емес. Оны енді монтажерлердің көмегімен бейнелеу керек. Содан кейін барып сюжет толықтай дайын десек те болады. Бұл 17 жылдық тарихы бар шығармашылық ұжымның күнделікті атқаратын ісі. Осы уақыт ішінде жергілікті арна қазақ тілінде де хабар таратып келді. Телеарнадағы қазақ редакциясына Дана Ғизатова жетекшілік етеді. Арнада эфирге шығатын материалдардың сапасына үлкен мән беріледі.

Дана Ғизатова – МТРА қазақ редакциясының шеф-редакторы:

– Бірнеші бағдарламалар бар. Болашақта олардың санын арттыруды жоспарлаудамыз.

Біздегі хабар басталды. Арнанның талантты да дарынды тілшілерінің бірі – Риат Шони. Ол өзінің жастығына қарамастан арнадағы жаңалықтардың сәтті шығуы үшін еңбектенетін әріптестеріміздің бірі. Салмағы ауыр журналист қызметін сапалы орындап жүрген маман, дикторлық істі бала күнінен армандапты.

Риат Шони – МТРА тілшісі:

– Журналист болуды бұрыннан армандадым. Өзіме қатты ұнайды.

17 жыл телеарна үшін әрине аз уақыт емес. Алғашқы уақытта хабар тарату аймағы мен жаңалықтар уақыты аз болды. Бүгіндері жасампаз арнаның қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіген. Алдағы бірлесе атқарар жұмыстарда көп.

Евгений Сазанов – МТРА Жшс директоры:

– Біздің арна барлығын жаңадан бастады. Бастапқыда әрине ауыр болды. Бізге келген журналистер бүгіндері белгілі мамандарға айналды. Осындай тәжірбиелі қызметкерлермен бірлесіп осы жылы “Мен чемпионмын” балалар спорттық бағдарламасын түсірдік. Енді ол, қырқүйек айында Хабар арнасында жарыққа шығады. Жоспарда осындай істерді атқару бар.

Арнадағы әр маман қараша халықтың игілігі үшін қалтқысыз қызмет етеді. Облыс аумағындағы жаңалықтардың басы-қасынан табылу біздегі мамандардың басты міндеті. Сондықтан да айтарымыз алуан түрлі арна болғанымен, Муниципалды телеарна біреу. Назарларыңыз бізде болсын.

Култанов Байболат