Спорт

«Қызыл-Жар СК» ФК «Спартак» командасымен тең түсті

Кейін ойын 45 минуттықтың соңына қарай ойын орталық алаңға ойысып кетті. Осы қарқында бірінші тайм да аяғына жетіп, қос команда үзіліске есеп ашпастан тарасты.

– Команда жақсы ойнауда. Бірақ шабуылдары аяқсыз қалуда. Келесі таймда есеп ашылада деген сенімдемін.

Келесі 45 минуттықты жерлестеріміз жаңа толқынмен бастады. Алаңда 10 ойнышы қалған семейлік команданың қорғаушыларына тынығуға мұрша бермей шабуылдарын үдетуде. Семейлік бапкер Алексей Петрушин есепті тең аяқтағысы келіп, ойынға қорғаушыларды қосып жатса, ал теріскейлік Владимир Фомичев керісінше үш ұпай еншілегісі келіп, шабуылшыларды қосуда.

Жанкүйерлер қанша қызу қолдағанымен қызылжарлықтар қонақтардың қорғанысын бұза алмады. Алексей Петрушин құрған тактика өз пайдасын әкеліп, «Спартак» командасы 10 ойыншымен кездесуден бір ұпай еншіледі.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК капитаны:

 

–  Петропавлдық жанкүйерлердің алдында тең есеп үшін кешірім сұраймын. Команда қанша тырысқанымен сәттілік жетіспеді. Пенальти болғанымен де қақпашы сауатты ойнай білді. Соңғы кезде құрамаға не болғанын өзіміз білмейміз, қара жолақ болып, ойындарда жеңе алмай жүрміз. Бірақ маусым әлі аяқталған жоқ.

Қарасай стадионындағы келесі ойын 19-шы қыркүйек күні өтеді. Онда “Қызыл-Жар СК” өскемендік «Восток» командасын қабылдайды.

Риат Шони