Бизнес және экономика

Дамудың даңғыл жолында – өндірушілердің қосар үлесі мол

Бейбіт Мұқанов, СҚО мәслихаты аппаратының жетекшісі:

– Кәсіпорын басшылары, жергілікті билік органдары, банк саласының өкілдері – қалыптасқан жағдайды жақсы түсінеді. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің арқасында ғана біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын, оған қоса кез-келген жағдайда уақытылы төленетін әлеуметтік міндеттемелерді – зейнетақы мен жәрдемақыларды сақтап қала аламыз.

Бүгінде отандастарымыз үшін еліміздегі өмір бұрынғы қарқынмен жүріп жатыр. Шетелдік көк ақша қымбаттады деп байбалам салып жатқан ешкім жоқ. Керісінше, еліміздегі тауар өндірушілер жұмыс қарқынын бұрынғысынан арттыруға басымдық беруде дейді Бейбіт Мұқанов.

Бейбіт Мұқанов, СҚО мәслихаты аппаратының жетекшісі:

– Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен халықтың өзара түсіністіктерінің арқасында еліміз осы жағдайдан абырой мен беделін сақтай отырып, әлемдік экономикадағы өз ұстанымын барынша жақсарта отыра шығады деп санаймын.

Қазіргі күні еліміздің экономикалық жағдайы бақылауға алынған деп сеніммен айтуға болады. Ал, дамудың даңғыл жолындағы басты құндылық халықтың – бейбітшілігі мен ынтымақтастығы.

 

Айгерим Ержанова