Қоғам

Шал ақын ауданының орталығында Ата заңның 20 жылдығы тойланды

Рустам Жүсіпов – “Памир” ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

– Дүкендегі тауарларды қаладан аламыз. Барлығының бағасы қалта көтерлердік. Қазіргі халықтың жағдайын түсінемін. Сондықтан оларға кез-келген өнімнің қолжетімді болуын қарастырдық. Дүкенді ашысымен, аудан орталығының 6 тұрғынын жұмысқа алдым. Оларға уақытылы жалақы төлейміз.

Ал, бұл Сергеевка қаласындағы “Алтын дән” дүкені. Нысанның таспасы ата заңымыздың 20 жылдығына арналып қиылды. Сауда орнында ауылшаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар, түрлі техниканың бөлшектері, мотор майлары бар. Тауарлардың барлығы көршілес Ресей федерациясы мен облыс орталығынан әкелінеді екен. Жаңа дүкеннің ашылуына байланысты жергілікті тағы 5 тұрғын екі қолға бір күрек тапты.

Владимир Жданов – “Алтын дән” ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

– Біздің өңір ауылшаруашылығына қолайлы болғандықтан, техникаға қажетті бөлшектерді саудалаймыз. Барлық құрал-жабдықтарды алысқа бармай-ақ осы маңнан табуға болады. Алдағы уақытта дүкенімізді үлкейтіп, көлік жуу орнын ашпақ ойымыз бар.

Осы жылы Сергеевка қаласында 5 бірдей субұрқақ іске қосылыпты. Олар аудан орталығының көшелеріне көрік беріп тұр. Мерекеге орай тұрғындар тағы бір осындай нысанның ашылуына куәгер болды. Бұл жолғы қолөнер жұмысын аудандағы “Колос” және “Уют” ЖШС бірлесе жасапты.

Вячеслав Костычев – “Костычев” ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

– Қаламыз әдемі болсын деп осы субұрқақты жасадық. Барлығы табиғи тастан қаланды. Демалушылар бұл маңға жиі келеді. Шығармашылығымыз тұрғындардың көңілінен шығуда.

Сондай-ақ еліміздің басты құжатының 20 жылдығына байланысты Сергеевка қаласының орталығында футбол алаңы да өз жұмысын бастады. Былтыр ауданда 18 стадион болса, осы жылы олардың саны 26 жетіпті. Жаңа спорт нысанының салтанатты ашылуына сәйкес аудандағы мектеп құрамаларынан жасақталған қос құрама өзара сыңға түсіп те көрді. Қызықты өткен ойында алғашқы голды Сергеевка қаласының қазақ мектебінің құрамасы соқты.

Енді бұл жерде спортты жандарына серік еткен тұрғындар күнделікті жаттыға алады. Осыдан соң мереке Сергеевка қаласының орталық алаңында жалғасты. Ең алдымен жиналғандарды айтулы мемлекеттік мейраммен Шал ақын ауданының әкімі Ербол Сағдиев құттықтады.

Ербол Сағдиев – Шал ақын ауданының әкімі:

– Баршаларыңызды мерекемен құттықтаймын. Еліміз көркейіп, дами берсін.

Мерекелік құттықтаудан кейін ауданның бірқатар азаматтары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін облыс әкімінің құрмет грамотасы, “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерейтойлық медалі және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Құрметке бөленгендердің қатарында Манабай Үмітбаев та бар. Ел ағасы айтулы мерекеде елеусіз қалмағанына қуанышты.

Манабай Үмітбаев – Шал ақын ауданының еңбек ардагері:

– Осы күні аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып жатқандығыма қуаныштымен. Ата заң еліміздің басты құжаты. Оны әр тұрғын білуге міндетті.

Бұл күні Шал ақын ауданының тұрғындары өз қолдарымен өсіріп баптаған бау-бақша өнімдерін де ортаға жайды. Сонымен қатар, “Достық мекені” деп аталған этноауылдан қазақ, орыс, украин, армян, татар, әзербайжан, жапон және басқа халықтардың ұлттық тағамдарын байқауға болады. Мерекені тойлауға келген қараша халық мұндай мерекелік шараға дән риза.

Күлзия Таскенова – Сергеевка қаласының тұрғын:

– Мереке құтты болсын. Қазақстан жасай берсін.

Құралай Қожаева – Сергеевка қаласының тұрғын:

– Барлықтарыңызды құттықтайм.

Осыдан соң мереке концертпен қыза түсті. Сахнада жергілікті және Көкшетау қаласынан келген өнерпаз халыққа күмбірлеген күй мен әсем ән ұсынды.

 

Култанов Байболат