МТРА жаңалықтары

ТЖД машина-техника паркі жаңа көліктермен толықты

Айдарбек Сапаров- СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Жауапкершілік мол сондықтан қызметті адал атқарып келесіздер. Мерекемен құттықтаймын.

Құттықтау сөзден кейін 3 су жаңа машинаның кілтін Айдарбек Сапаров құтқарушыларға табыстады. Аталған салада 11 жыл бойы еңбек ететін Орынбай Тасбаев осыған дейін нақ осындай «Газель» көлігін тізгіндепті.

Орынбай Тасбаев- СҚО ТЖД жүргізушісі:

 

– Біздің қызмет жылдамдықты талап етеді. Сондықтан жаңа машина беріп жатқаны жақсы.

Жалпы бүгіндері өңірде 28 өрт сөндіру бөлімі бар. Бұл салада 800-ге жуық адам еңбек етеді.

Магжан Ахмадина