Құқық қорғау органдары

Полицейлердің қатары жас мамандармен толықты

Қанат Дарбаев, Петропавл қалалық ІІБ жол-потрульдік полиция батальонының қызметкері:

– Бүгінгі шараны көп күттім. 2014 жылдан бері осы қызметке үміткер ретінде бірнеше байқаудың кезеңдерінен өттім. Енді еліме аянбай қызмет ететін боламын.

Көп ұзамай ант қабылдау рәсімі де басталды. Жас мамандар отанға, ата заңымызға, қызметіне адал болуға серт берді.

Ал қазір, өңірдің бірінші полицейі Берік Біләлов жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, бірнеше үздік қызметкерге облыс әкімінің құрмет грамотасын тапсырды. Сондай-ақ, бұл күні Облыстың 5 полицейі «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін тағынды. Санаулы марапаттың бірі Жамбыл аудандық ІІБ бастығы Арман Құтышевқа бұйырды. Полиция полковнигі еңбегінің бағаланғанына дән риза.

Арман Құтышев, Жамбыл аудандық ІІБ бастығы:

– Еңбегім еленіп медаль иемденіп отырмын. Қуанышымда шек жоқ.

Айту керек, бүгінгі жиында осыдан 20 жыл бұрын Ата заң қабылданған кезде құқық қорғау органына қызметке орналасқан 66 тәртіп сақшысы ерекше аталып өтті.

Нұрлан Уатбаев, СҚО ІІД ӨҚБ аға тергеушісі:

– 1995 жылы менде ең алғаш тәртіп сақшысы қызметіне аяқ басқан болатынмын. Бүгінде біраз биікті бағындырып үлгердім. Жастарға да соны тілеймін.

Салтанатты шараға ІІО ардагерлері де қатысты. Шара соңы маршқа ұласты.

 

Акбопе Танирберген