Қоғам

Ғ.Мүсірепов ауданында “Күз сыйы” аудандық көрме байқауы өтті

Рузаев селолық округінің өкілдері аудандық көрмеге екі метрлік Конституцияның макетін әкеліпті. Композицияны – жергілікті тұрғындар арша бұтасы мен дала гүлдерінен жасап шыққан.

Людмила Емельянова – “Ынтымақ” этномәден бірлестігінің жетекшісі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Кітап ені 2 метр, ал ұзындығы 1,5 метрді құрайды. Ерекше көз тартар туындыны тұрғындарға ұсыну үшін 4 күн тер төктік. Кітапты жасау кезінде өз ауылдық округымыздың тыныс-тіршілігін барынша бейнелеуге тырыстық.

Этноауылда аудандық мектептердің қолөнер бұйымдары мен туындылары да жайғастырылған. Мысалға, Конституцияның 20 жылдық мерекесіне арналған мына әсем композиция – Калинов орта мектебінің ұстаздарының еңбегі.

Әсел Садықова – Калинов орта мектебінің мұғалімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Біз өзіміздің мектебіміздің атынан Қазақстан Республикасы Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған конструкциямызды назарға ұсынып отырмыз. Бұл конструкциямыз, көрініп тұрғандай – Қазақстан халқының барлық тұратын ұлттардың ынтымақтастығын, бірлігін білдіретін конструкция.

Жалпы “Күз сыйы” көрме байқауын аудан орталығында өткізу игі дәстүрге айналған.

Алтыншаш Тайшыбаева – Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің орынбасары:


– Конституция күні қарсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақс хандығының 550 жылдығы. Осы мерекеге өзіміздің 17 селолық округі қатысып отыр.

Айта кету керек, “Күз сыйы” көрмесі – барлығы 5 аталым бойынша өтті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бакыт Садуакасов