МТРА жаңалықтары

35 солтүстікқазақстандық “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалімен марапатталды

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі:

– Конституциямызда адам капиталы басты орынға қойылған. Оны құрметтеу баршамызға ортақ міндет.

Өңірімізде бірнеше жыл бойы Конституцияда көрсетілген заңдарды қалтқысыз орындап, өз қызметінде жемісті еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың біразы осы жиыннан табылды. Отанымыздың болашағына бей-жай қарамайтын бұл азаматтар білім, мәдениет, спорт, құқық қорғау сынды салалардың дамуына тамшыдай болсын үлесін қосып жүр. Тиісінше, салтанатты жиында 15 жерлестеріміз “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалімен наградталды.

Қошемет пен сый-құрметке бөленгендердің қатарында бизнес қауымдастық өкілдері мен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды басқарып жүрген жандар бар.
Елімізде гендерлік саясатына ерекше мән беріледі. Осы күні әйелдер ерлермен қатарласып лауазымды орындар мен бизнесте жетекшілік етіп келеді. Солардың бірі -Бақытжан Сәмиева. Бала кезінен халқына қалаулы азамат болуды арманадаған нәзік жанды еліне адал қызмет еткен адамның еңбегі назарсыз қаламайды дейді.

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Бұл марапат маған артылған үлкен сенім және жауапкершілік. Сондықтан мен алда елім үшін аянып қалмаймын.

Елге елелуі дәрігерлердің бірі Олег Завьялов. Жерлесіміз Отандық медицинаның бүгінгі аяқ алысы жаман емес. Егер осы бағытымыздан жаңылмасақ, болашақта шетелдің беделді емдеу мекемелерін қуып жету мүмкіндігі бар дейді.

Олег Завьялов, СҚО балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Елімізде денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Аймақтардағы емду мекемелерінде материалдық-техникалық база жаңарды, кадрлардың біліктілігі артуда. Ауруханалардың біразы емдеу мен операция жасаудың заманауи технологияларына көшіп жатыр. Бұл өзгерістің барлығы мені қуантпай қоймайды.

Әр азамат туып-өсен ортасын мақтан тұтып, ел дамуы жолында аянып қалмауы тиіс. Жиында ардагерлердің атынан Степан Башкиров сөз алды. Жауынгер қарт бүгінде біршама жасқа жетсе де әлі тың.

Степан Башкиров, ҰОС ардагері, Петропавл қаласының құрметті азаматы:


– Біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмын. Соны бағалай біліңіздер. Заңды құрметтеудер.

Осы күні бейбіт заманның ұрпақтарын ұлжанды рухта тәрбиелеу ісінде үлесі бар атамыздың еңбегі жоғары билік тарапынан ескерусіз қалмады. Қарияға “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерекелік озаттық белгісі табысталды. Салтанатты шарада мұндай марапатқа
тағы 19 солтүстікқазақстандық ие болды.

Шәмшиден Ақышов, Петропавл қалалық ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары:


– Мен ІІО-да 10 жылдан артық жұмыс істеймін. Қаладағы жол қаупсіздігіне жауап беремін.

Осы жиында облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласқан 7 адамға аймақ басшысы мен қала әкімінің алғыс хаттары үлестірілді.

Берик Касен