МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар елімізде қабылданған жаңа экономикалық саясатты қолдауда

Сергей Мартемьянов – С.Мұқанов атындағы №32 орта мектеп директоры:

-Мен өз басым Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшкенін құп санаймын. Өйткені бұл өзгеріс еліміздің экономикасына ауадай қажет болды. Осыған дейін отандастарымыздың көбі тауарды Ресейден әкелді. Өйткені бағасы жағынан тиімді еді. Бұл біздің экономикаға кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Ал енді рубль көтерілді. Ол жаққа барудың да керегі жоқ. Бұдан былай кәсіпкерлер тауарларының сапасын арттырып, өнімдерін халыққа ұсынуы керек.

Сонымен қатар, Сергей Мартемьянов бұл іске барлығымыз білек сыбана кірісуіміз керек дейді. Бірліктің арқасында ғана Қазақстанымыз үлкен жетістікке жете алады.

Сергей Мартемьянов – С.Мұқанов атындағы №32 орта мектеп директоры:

-Теңгенің еркіндікке жіберілгенін естіген жұрт дүрбелеңге салынды. Кейбіреуі өз пайдасын ойлай бастады. Мәселен, азық-түлік бағасын кейбір кәсіп иелері негізсіз көтерді. Оның ішінде отандық өнім шығарушылар да бар. Еліміз қиын-қыстау сәттен оңайлықпен шығу үшін бизнес иелері де біраз ат салысса деймін. Шикізат өзімізден ғой, өнім де біздің жақта шығуда. Бірақ белгісіз себептермен құны өсуде.

Бүгінде американдық долларды қазақстандықтар 243 теңгеге сатып ала алады. Ал ресей рубльі әзірге 3,5 теңгеге тұрақтады.

 

 

Айгерим Ержанова