Құқық қорғау органдары

Петропавлда қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейге ескерткіш тақта орнатты

Ержан Мизамбаев – Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімінің басшысы:

 

-Бүгін біздің қызметкерлер үшін маңызды күн. Роман Волошенко 1947 жылдың 4 қарашасында өзінің кезекті кезекшілігіне шыққан болатын. Өкінішке орай, сол күні қоғамдық тәртіпті бақылауға шыққан милиционер бұзақылардың қолынан қаза тапты. Оны белгісіз біреулер атып кеткен. Бүгінде Роман Волошенко біз үшін үлкен мақтаныш, әрі үлгі тұтар азаматтардың бірі.

35 жасар Волошенко қызметіне адал милиционер болатын дейді Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімінің басшысы Ержан Мизамбаев. Бүгінде ол жастардың үлгі тұтар азаматтарының бірі. Жас ұрпақтың жадында лейтенант Волошенконың ерлігін мәңгі қалдыру мақсатында ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды.

Ерлікпен қаза тапқан лейтенантты еске алуға жас инспектор Әлібек Рамазанов та келді. Бұл қызметке ол небәрі 8 ай бұрын орналасқан. Бірақ жастығына қарамастан, Әлібек мамандығының қаншалықты қиын екендігін біледі. Өйткені аталған кәсіпті ол әкесіне қарап таңдаған.

Әлібек Рамазанов – Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімі әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы:

-Мен полиция қызметіне келген жас маманмын. Дегенмен, Роман Волошенконың ерлігі туралы көп естідім. Өзінің ерлігімен ол біздерге үлгі болып қалады. Біздің таңдаған мамандығымыз қиын әрине. Бірақ мен халық тыныштығын сақтау үшін бар күшімді салып, еңбектенемін.

Шара соңында жиылған қауым мемориал алдына гүл шоқтарын қойды.

Ерасыл Алпысбай:

-Біздің ата-бабаларымыз батыр болған. Мен де болашақта өз артымнан осындай із қалдырғым келеді.

-Махаббат Сарыбай:

-Біз өз ата-бабаларымызды құрметтеп, мақтан тұтуымыз керек. Және де осындай тақталар көп орнатылса деймін.

 

 

Айгерим Ержанова