Құқық қорғау органдары

Петропавлда әскери күш құрылымдарының жалпыгарнизондық жиыны өтті

Серік Дәулетов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлімше бастығы:

 

-Жалпыгарнизондық жиында полиция қызметкерлерінің арнайы киім, автокөлікпен қамтамасыз етілуі қадағаланады. Сондай-ақ, негізгі жұмыс бағыттары айқындалады. Сонымен қатар, қызмет бабында ерекшеленген қызметкерлердің марапатталуы жайындағы бұйрықтары оқылады. Бұл жиынға сондай-ақ облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күзет құрылымдары да тартылады.

200 тәртіп сақшысы жиналған шарада полицейлердің қызметтік құрылғылары тексерілді. Іздеуде жүрген азаматтардың негізгі белгілері баяндалған соң,облыс аумағында тамыздың 26 мен 28 аралығында өтетін «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы туралы айтылды.

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары :

-Шараның басты мақсаты – өңірдегі жағдайды тұрақтандыру және тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сіздерге акция аясында үлкен міндеттер артылады. Патрульдеу бағыттарында, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстардың орын алуын болдырмау. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды, яғни, суық және атыс қаруын, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілеріне мән беру қажет.

Жалпыгарнизондық шара соңы әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жүргізілген салтанатты шеруге ұласты.

 

 

Култанов Байболат