Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ғ.Мүсірепов ауданының шаруалары дала күнінде бас қосты

Владимир Дудов- Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

-Орақ науқанын ұйымдастырып жатырмыз. Ол кезең-кезеңмен өткізілуі керек. Егер ауа-райын күтіп отырсақ, уақыт жоғалтамыз. Сондықтан өткен жылғы қателікті қайталамаған абзал.

Кездесу аяқталған соң дала күніне қатысушылар «Янтарь-98» шаруашылығында бас қосты. Аталмыш серіктестік аудандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Олар 32 мың га жерге ырыс дәнін сіңіріпті, соның 19-ына бидай егілген. Бұл жерде аграрийлер әріптестерімен тәжірбие алмасты.

Александр Харитонов- «Янтарь- 98» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Бүгінгі күні егін пісіп қалды. Бастыруға даяр. Бірнеше күн болды егістікті құлата бастадық. 1500 гектарда бұл жұмыстар аяқталды. 15 жатка және «Джондир» комбаиндарымен бұл шаруалар тындырылып жатыр.

«Жер қадірін-диқан білер» демекші, серіктестіктегілер Омская-36, Астана сұрыптарынан бөлек, теріскейдің ауа райына қолайлы, қазақстандық ерте пісетін бидай сортын да егуді қолға алған. Егіннің шығымдылығы мол болған жылдары, аталмыш дән гектарынан 35 центнер өнім береді екен. Ал биыл кәсіпорынның жер емген шаруалары гектарынан 15-тен кем өнім жинамаймыз деп отыр. Аудан аграрийлеріне «Мас Don» комбайынының жұмысы да көрсетілді. Бір аусымда техника 120 га егістік алқабын оруға қауқарлы. Серіктестік арам шөптермен күрес барысында да жаңа технологияларды қолданады екен.

Татьяна Панарина- «Янтарь- 98» ЖШС агрономы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Бұл арам шөппен күрес барысында біз арсенал және гаргон препараттарын қолданамыз. Жалпы осы шөп ең көп кездесетін, әрі құрымайтын түрге жатады. Тіпті топырақты қопарған күннің өзінде шөп тамырын қалдырады. Ал мына сұйықтық оның өсуіне жол бермейді. Бір аусымда 3-4 рет өңдейміз.

Кәсіпорын майлы дақылдарды егу әдістерімен де бөлісті. 10 жыл бұрын шаруашылық күнбағыс өсіруді қолға алыпты. Шығымдығылын арттыру үшін инновациялық технологияларды қолданады мұндағылар.

Сергей Попов- «Янтарь- 98» ЖШС бас агрономы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Түрлі будандарды қолдандық. Бізге пионер дегенді қолдану тиімді болды. Күнбағыс алқабы 3 мың га құрайды. Бұл көп емес. Өйткені оны жинау өте қиын.

Ал мынау кәсіпорын меншігінде бар тегеурінді техника. Мұнымен тоқмейілсімейтін шаруашылық жыл сайын жаңа көлік түрін алып отырады екен. Сөзімізге дәлел болсын. Соңғы бірнеше жыл ішінде мұндағылар қолда бар машина паркін толығымен жаңартқан.

Владимир Дудов- Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

-Біз бүгін барлық диқандар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығыратын компания өкілдерінің басын маңызды науқан алдында әдейі қосып отырмыз. Ол келер уақытқа жоспар құрып, егінді ысырапсыз жинап алудың қамы. Биыл орақ науқанын сапалы, әрі уақытылы аяқтау керекпіз. Жалпы осы жылы аудан шаруалары 719 мың га жердегі егінді жиып алулары қажет. Оның 605-і бидай. Бүгіндері 30 мың га егіс құлатылса, 1300 тоннасы бастырылды.

Биыл аудан диқандары 1 млн. тонна бидай жинауды жоспарлап отыр. Ауа райы қолбайлау болмаса, 25-30 күнде тиісті шаруаны тындырамыз деді Владимир Дудов. Қазіргі таңда жанар-жағармай мен қажетті техника толығымен даяр. Бүгіндері орақ науқанына аудандағы барлық шаурулар кіріскен. Олардың саны мұнда 300-ден асады.

Серік Малаев- «Ақселеу» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Биылғы жылы 13 мың га жерге егін ектік.Орақ науқанына дайынбыз. Қазір сұлы орып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан алқаптағы егін жақсы.

Сонымен қатар, дала күніне қатысушылардың назарына етті және сүтті бағыттағы ірі қара көрсетілді. Мал шаруашылығын дамытамын деген шаруалар, нақ осындай, зеңгі баба тұқымына қол жеткізуі тиіс.

 

 

Магжан Ахмадина