Құқық қорғау органдары

Биыл 7 айдың ішінде СҚО-да 134 жол көлік апатының 40%-ы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алды

Оны реттеп отыруға ескі бағдаршамдар қауқарсыз екен. Көлік кептелістерін болдырмау үшін инспекторлар қиылыстарға жиі шығуда. Осы кезде жаяу жүргіншілер бағыт сілтеушінің ым-ишаратын дұрыс түсінбей, тәртіп сақшыларының жұмысына біраз қиындықтар тудыратын көрінеді.

Жанат Тілеулин, СҚО ІІД ӘПБ ЖППБ взвод командирінің орынбасары:

-Инспектор ысқырып қолын жоғары көтерсе, бұл жағдайда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер назар аударып, қиылыстарды кесіп өтпей, тосып тұрады. Инспектор оң қолын алға сермесе, жаяу жүргіншілер оның алдынан емес артынан өте алады. Бағыт сілтегіш екі қолын екі жаққа сермесе оның алды мен артынан өтуге болады. Бұл қарапайым ережені әрбір тұрғын білуге тиісті.

Тұрғындардан жол ережесін сұрап едік. Шынымен, біразы жол инспекторының жол қиылысындағы ым-ишаратын түсінбейтіндіктерін айтты.

-30 жыл бұрын оқығаным бар. Кейбір жол ережелері есімде қалды.

-Мектепте бізге үйретті бірақ қазір ұмытып қалыппын

-Адамдар қозалса. олардың артынан мен де еремін. Ал өзім инспектордың ым-ишаратын түсінбеймін.

Биыл 7 айдың ішінде 134 жол-көлік апаты тіркелсе, соның 40%-ы жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Сондықтан, көлікті тізгідемеген жерлестерімізге де жол бойында өзін ұстау тәртібін білген дұрыс.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

-Биыл 7 айда 134 жол көлік апатынан 20 адам мерт болып, 169-ы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен облыс аумағында 25 жол көлік апаты тіркеліп, 5 адам ажал құшты. Тағы 21-і түрлі дене жарақатын алды.

Көлік апатына көшеде мас күйінде жүретін тұрғындардың да үлесі бар.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

-Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыс аумағында мас жая жүргіншілердің қатысуымен 8 жол көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 жерлесіміз көз жұмды. 6 адам жарақатанды. Жыл басынан тағы 52 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Бұл жол апаттарынан 11 теріскейлік оқиға орынында тілге келмей көз жұмды.

Жолдың белгіленбеген жерінен, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін жаяу жүргіншілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жыл басынан осыған ұқсас 6 400-ден астам факт тіркеліпті.


 

Берик Касен