МТРА жаңалықтары

Ауылшаруашылығы саласы Тимирязев және Ғ.Мүсірепов аудандарында ақсап тұр

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Жалақыны төмен дедіңіз бе? Оны орташа облыстық деңгейге 80-мың тегеге дейін жеткізіңіздер. Сонда сіздерде жеке кәсіпкерлік пайда болады. Қайта бағалау жасаңдар, қосымша салықтар пайда болады.

Кәсіпкерлер осы проблемаға баса мән беруде. Қазіргі таңда ауданда шағын және орта бизнестің 1076 субъктісі бар. Олардың бірі “КЭСС” ЖШС. Бүгінде диірмен кешінінде 100 адам еңбектенеді. Осы жылы өндіріс ошағында жалақы 58 мың теңгеге дейін құлапты.

Исса Аллахяров – “КЭСС” ЖШС құрылтайшысы, Тимирязев ауданы:

-Өткен жыл өте ауыр өтуде. Біз сапасы төмен астық алдық. Бірақ оған қарамастан жұмысшылар саны қысқартылған жоқ. Енді биылғы жылы өнім жақсы болып, жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеріміз деп отырмын.

Тимириязев ауданында олқылықтар жеткілікті. Бүгін көптеген шенеуніктер қатаң сынға алынды. Бюджеттің шығыс бөлігі тиісті деңгейде орындалмайды, кіріс те жоқ. Есесіне жетіспеушілік 56 млн теңгеге жеткен. Мүлікті заңдастыру ісі де ақсап тұр. Ауданда 16-ақ өтініш түсіпті.

Айдарбек Сапаров – первый заместитель акима СКО:

-Тұрғындар өздерінің табыстарын көрсету үшін мүлікті заңдастыру бойынша жалпыға бірдей мағлұмат тарату шараларын жүргізу керек. Заңдастыру шарасы жыл соңында тамамдалады. Сондықтан, барлық мүлікті қайта бағалаңдар.

Ал мал шаруашылығына келетін болсақ, жыл басынан тимиряздіктер “Құлан” бағдарламасы бойыша 79 бас жылқы, “Сыбаға” аясында 109 ірі-қара мал алған. Бірақ, “Алтын асық” бойынша бірде-бір шопан ата төлі алынбапты.

Сеитжан Құсайнов – Тимирязев аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Өтініштер бар. Екі шаруашылық мемлекеттік бағдарламаға қатысуда. Бұйыртса қыркүйек айында біз “Сыбағаны” жабамыз.

Оған қоса ауданда жылқылардың тек 40 пайызы ғана таңбаланған. Сондай-ақ ірі-қаралардың арнайы биркалары жоқ. Ауданда етті экспорттау жайы да қарқын қосуды қажет етіп тұр. Мұндағылар өңірден тыс аймаққа небары 65 тонна ет жөнелтіпті.

Еркін Базарханов – Тимирязев ауданының әкімі:

-Ауданда экпортқа жоспарланған өнімнің 9,3 тоннасы орындалған жоқ. Бүгінгі күні бізде мал бар. Енді жұмысты осы аптадан бастаймыз. Біз Щучинск қалалық сүт зауытымен келістік. Енді тауарды солар арқылы экспорттаймыз.

Жыл соңына дейін 4 ай қалды. Оған дейін Айдарбек Сапаров аудандағы барлық олқылақтырдың орнын толтыруды тапсырды. Бұл күні облыс әкімінің бірінші орынбасары аталмыш аудандағы орақ науқанымен де танысып, “Мичуринское” ЖШС егіс алқабына ат басын бұрды. Қазір мұнда алтын дәнді құлату жұмысы қызған.

Серік Айтхожин – “Мичуринское” ЖШС директоры, Тимирязев ауданы:

-Гектарынан шамамен 17 центнер бидай аламыз деп жоспарлаудамыз. Бүгінгі күнге дейін 1200 гектар майлы тұқымдас пен 100 гектардағы алтын дәнді құлаттық. 3-4 күннен соң астықты бастыруға кірісеміз.

Ал бұл Ғ.Мүсірепов ауданындағы “Маяк” шаруа қожалығының егіс алқабы. Жалпы егістік көлемі 710 гектар. Айдарбек Сапаров диқандармен әңгіме барысында өсімдік пен қатар мал шаруашылығымен де айналысу керектігін айтты. Сүт-тауар фермаларын құрып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Оған қоса мемлекет үлкен қолдау көрсетуде. Мал мен азық алуға субсидиялар бөлінуде. Жұмыс тобының әңгімесі аудан орталығы Новоишимкадағы жиналыста жалғасты. Мұнда да бюджет орындалмаған. Мемлекеттік қазынаға 200 млн. теңгеден астам қаражат түспепті.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Сіздердің аудандарыңызда 266 млн. теңгеге бюджет орындалмаған. Аз уақыт қалды. 9 айдың қорытындысы бойынша 100 пайыз орындалу керек.

Ғ.Мүсірепов ауданы өңірімізде қарқынды дамып келе жатқандардың бірі болғанымен, мұнда атқарылар жұмыстар да баршылық. Кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мұнда да төмендеуде. Статистика департаменті жетекшісінің хабарлауынша биыл түйіршік тастарды өндіру 12, етті қайта өңдеу 30 пайызға құлдырапты. Фермерлер тарапына да айтылатын сындар аз емес.

Алтынбек Абдоллаев – СҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Асыл-тұқымды репродукторды тапсырма бойынша 200 бас алу керек болса, оның бірде бірінің төбесі көрінбейді. 400 орындық бордақылау алаңдары да жасақталмаған.

Осы орайда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Сабыржан Дүйсеновтың жұмысы қатаң сынға алынды. Алайда ол барлық проблемалар жыл соңына дейін толыққанды шешіледі деп сендірді.

Сабыржан Дүйсенов – Ғ.Мүсірепов ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Бордақылау алаңы салынуда. “Сыбаға” бағдарламасында жыл соңына дейін жабамыз.

Кездесу барысында атқарылған жұмыстар жайлы аудан басшысы Владимир Дудов есеп берді. Оның айтуынша олқылықтардың орнын толтыруға селолықтардың резерві бар.

Владимир Дудов – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

-Аудандық әкімдіктің жұмысында бірқатар кемшіліктердің орын алғанын мойындаймыз. Бірақ олқылықтардың орнын толтыратындай мүмкіншілік бар. Жалпы бюджет бойынша болжам 184 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғымен салыстырған 20 пайызға артық.

Айта кету қажет, валюталық нарықта орын алған соңғы өзгерістерге байланысты Ғ.Мүсірепов ауданында алғашқы тұтынымдағы тауарлдардың бағасын шарықтатпау жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

 

 

Риат Шони