Қоғам

Ұлттық валютаның құнсыздануы – мемлекеттік жәрдемақылар мен түрлі көмектерге әсерін тигізбейді

Марина Маркова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік норматив және әлеуметтік көмек бөлімінің жетекшісі:

-Мемлекет тарапынан әлеуметтің әлжуаз топтарына 3 жағдайда көмек көрсетіледі. Аталған көмекке отбасылық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан төмен жанұялар немесе 18 жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақыны алатын жандар жатады. Сонымен бірге бұл жәрдемақыға басында баспанасы жоқ жанұялар сенім арта алады. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандардың әрбірі назардан тыс қалмайды.

Үстіміздегі жылы қоғамның әлжуаз топтарына қаржылай көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 276 миллион теңге қаржы қарастырылған. Бүгінге дейін мемлекеттік әлеуметтік-анықтамалық көмек 1726 отбасына көрсетілген. 18 жасқа толмаған балалары бар 5887 отбасына жалпы соммасы 75 миллион теңгенің жәрдемі жасалыпты. Сондай-ақ, басында баспанасы жоқ 1857 жанұя да мемлекеттің қолдауын сезініп отыр. Еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің де алаңдауларына еш негіз жоқ.

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы, облыс әкімінің гендерлік сұрақтар бойынша кеңесшісі:

-Қазір көбі қысқарулар орын алуы мүмкіндеп деп ойлайды. Ешқандай қысқартулар болмайды. Жалақы көлемі де артады деп айтып жатыр ғой басшылық тарап. Барлығы да жақсы болады.

Жаңа экономикалық саясат – отандық азық-түліктің бағысын арттыруға сеп болмауы тиіс. Сондықтан да тауар бағасының үстінен негізсіз құн қосып сату заңбұзушылық деп отыр, – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бахытжан Сәмиева. Еске сала кетейік, дүкен сөрлеріндегі бағалардың шамадан тыс артып кетуіне байланысты шағымдары бар жерлестеріміз кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласа алады. Байланыс нөмірі – 504-935.


 

Бакыт Садуакасов