Қоғам

СҚО-да 1 кг. қанттың бағасы 170 теңге тұрады

Светлана Скляренко, “Нан плюс” дүкенінің сатушысы:

-Қанттың келісі 170 тг. тұрады. Күніне біз 250 келідей шекерді сатамыз.

Шекердің бір келісі “ЦУМ” сауда үйінде де 170 теңгеден сатылуда.

Маргарита Бапанова, “ЦУМ” супермаркетінің директоры:

-Біз шекерді “ИНСАР” ЖШС-гінен көтерме бағамен 165 теңгеден сатып алып, тұтынушылыраға оны 170 теңгеден сатудамыз. Тұтынушылар тарапынан азық-түлікке шамадан тыс сұраныстың артып кеткендігін әзірше байқамадым. Тұрғындар баз баяғы қалпы келіп, керегін алып жатыр. Бүгінде “ЦУМ” супермаркеті жарманың кей түрін, өзге де азық-түліктің бағаларын 4-тен 9-пайызға дейін төмендетті.

Осы күні облыс орталығындағы 700 дүкенде, Северный, Семейный, Нан плюс және Көктөбе сауда үйлерінде 1 келі шекердің құны 170 теңгеден босатылуда.

Евгения Сальникова, Петропавл қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

 

-Осы күні облыс әкімдігі қантты көтерме бағамен өткізетін 3 сауда фирмасымен қант бағасын көтермеу туралы келісімге келді. Олар “СКБ Север”, “Инсар” және “Рахат ОПТ” ЖШС-тері.
Аталмыш кәсіпорындар бүгінде өңір және қала сауда нүктелеріне қанттың келісін 165 теңгеге өткізуде.

Апта басында сауда нүктелеріне 8 тонна шекер жеткізілген.

-Бір ай бұрын қантты сатып алдым, бағасы еш өзгермепті.

-Мен қантты ЦУМ-нан алып тұрамын. Бәз біреулер, қала бойынша қанттың бағасы 210 теңгеге көтерілді деп өсек шығарып жатыр. Көп естігенше бір рет көрейін деп өзім келіп едім, бағасы соншалықты өспеген. Небары 10 теңге ғана қосылыпты.

Берик Касен