Қоғам

Облыс орталығында “Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт” атты форум өтті

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-“Мәңгілік ел” патриоттық актісі азаматтардың қоғамдық күшін нығайтуда негіз болу қажет. Сонда ғана біз озық 30 елдің қатарына қосыламыз.

Кейін “Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт” форумы аясында “Ассамблея – бейбітшілік пен келісім бесігі” атты облыстық фестиваль бастау алды.

Наталья Хан – “Ассамблея” СҚ корпоративтік қоры директорының міндетін атқарушы:

-Бүгінгі байқауға облысымыздың 12 ауданы мен Петропавл қаласының этно мәдени орталығы қатысуда. Жалпы шараға 100-ге жуық адам ат салысып жатса, оның 60-қа тартасы фестивальге қатысушы. Әділ қазылар үміткерлердің вокалдық өнері мен костюм үлгісіне аса мән береді.

Фестивальде өз бағын сынауға келгендердің қатарында петропавлдық Қайырбай Қайыркен де бар.

Ол флейта аспабында Сегіз серінің “Ал қоңыр” әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Жалпы фестивальды тамашалауға еңбектеген баладан бастап еңкейген қарияға дейін келген. Айтуларынша, ұйымдастырылған шара барлығының көңілінен шықты. Жерлестеріміз дәл осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпаққа мол тәрбие беріледі деседі.

Жұмаш Сейітбеков – тыл ардагері:

-Осындай шаралар көп болса екен. Өскелең ұрпақ жақсы тәрбие алады.

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар үздік өнер көрсеткен тоғыз конкурсантты анықтайды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Риат Шони